Қысқы спорт • 01 Қаңтар, 2018

Елена Хрусталева: Олимпиадада медаль болады!

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ең алдымен бүкіл қазақстандықтарды жаңа 2018 жылмен шын жүректен құттықтаймын. Барлық шаңырақта береке бірлік, бақыт орнасын. Биылғы жыл спортшыларымызға сәтті әрі табысты жыл болсын деп тілегім келеді.

Елена Хрусталева: Олимпиадада медаль болады!

Ал ақпан айындағы Қысқы Олимпия ойындарына келетін болсақ, Қазақстан құрамасы биыл тәуелсіз ел ретінде жетінші рет қатысқалы тұр. Бұған дейінгі алты Олимпиаданың төртеуінде отандастарымыз елге жүлделі оралды. Биыл да сол биіктен көрінеді деп ойлаймын.

Өзім үнемі бақылап, тілеуін тілеп отыратын биатлоннан Қазақстан ұлттық құрамасы дәл қазір нағыз бабында. Қоржында 10 жолдама бар. Дегенмен, бапкерлер құрамы Оңтүстік Кореяға кімдерді апаратынын осы айдың соңында белгілі болмақ. Егер дәл бүгінгі жұлдызды құрамды апаратын болса, Олимпиаданың бір медалі болады, деп сеніммен айта аламын.

Ол медальды кім алады? Кімнен үміт күтуге болады? Меніңше, басқа спортшыларға қа­ра­ғанда Галина Вишневскаяның мүмкіндігі өте жоғары. Былтырғыға қарағанда биыл Виш­нев­­скаяның деңгейі әжептәуір өскен. Сон­дық­тан Галинаның Пхенчханда жүлдеге күре­суіне то­лық үміт бар.

Басқа биатлоншылардан да нәтиже күтуге болар еді. Дегенмен, олардың нәтижесі Вишневскаядан жоғары емес. Мәселен, Дарья Усанова әрдайым үздік нәтиже көрсетіп жүргенімен, оқ атуға келгенде үнемі қателесіп жатады. Ал Алина Райкованың нәтижесі керісінше. Өзге спортшыларға қарағанда жылдамдығы төмен болғанымен, оқ атуда үнемі нысананы дәл көздейді.

Елена Хрусталева,

Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері