Ұлттық спорт • 15 Қаңтар, 2018

Атырауда апта сайын көкпар ойыны өтеді

1301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таза ауада өткен ұлттық ойынға қала және ауылдардан жиналған 25 көкпаршы қатысты, деп xабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда апта сайын көкпар ойыны өтеді

Жарыс Сарайшық ықшам ауданында өтті. Атырау облыстық әкімдігінің қолдауымен, облыстық ұлттық спорт түрлері федерациясының ұйымдастыруымен аталған ауданда көкпар сенбі сайын өтеді. 3 сағатқа созылған ойында ең көп салым салған Нұрлан Бисенбаев 80 000 теңге еншіледі. Ұлттық спорт түрлері федерациясының президенті Асланбек Жанбалаевтың атынан көкпардың ең үздік ойыншысы Махамбет ауданының тұрғыны 16 жасар Абылай Лұқпановқа ертоқым және «Гүлсары» атты сәйгүліктің иесі Қанат Тұрғалиевқа көкпаршы етігін табысталды.

– Көкпар Атырау облысындағы ұлттық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылуда. Шеберлер жастарымызды көкпаршы болуға дайындауда. Тұрғындардың ұлттық ойынға деген қызығушылығы артып келеді, - дейді Асланбек Жанбалаев.

Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша Атырау облысы ұлттық спортты дамытуда үздік деп танылып, облыстық спорт басқармасы басшысы Азамат Бекетке «Алтын тұғыр» арнайы жүлдесі табысталған болатын.