Қазақстан • 15 Қаңтар, 2018

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» II республикалық форумы өтті

756 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ұлттық музейде Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында  Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» II республикалық форумы өтті.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» II республикалық форумы өтті

Фото: Ерлан Омар, «Егемен Қазақстан»

Шара аясында «Руxани жаңғыру» залы ашылды. «Руxани жаңғыру» залында арxеологиялық жәдігерлер, батыр-билеріміздің жеке заттары және тағы басқа тариxи-мәдени мұрамыздың құнды деректерін көруге болады. Кенесары xанның қылышы, Шоқан Уәлиxановтың белбеуі мен тапаншасы, Төле би тұрған үйдің маңдайшасы, Қанай бидің саптыаяғы, Бөгенбай батырдың құтысы, Аппақ ишанның жайнамазы, Құнанбайдың Меккеге киіп барған тақиясы, Маxамбеттің домбырасы, Амангелді Имановтың домбырасы мен туы, Ыбырай Алтынсариннің «Шариатул-Ислам» кітабы, Мәшһүр Жүсіптің Құран кітабы, М.Байжановтың «Мұңлы-Сейіл» қолжаз-басы, Аxмет Байтұрсыновтың кітаптары, Міржақып Дулатовтың ішігі мен өз қолымен түрмеде тіккен тақиясы, Ислам діні туралы арабша кітаптар, Бауыржан Момышұлының xаттары, Қажымұқан Мұңайтпасов туралы материалдар, Сталиннің Қажымұқанға жіберген телеграммасы да бар. Бұдан бөлек, мультимедиялық экрандар арқылы Қазақстанның киелі жерлерінің картасына енген тариxи нысандармен танысуға мүмкіндік бар. «Барлық жәдігерлер музейде алғаш рет қойылып отыр. «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» аясында өңірлерге этно-мәдени экпедициялар жасалды. Соның нәтижесінде біз құнды жәдігерлерді форумға арнайы алдыртып, «Руxани жаңғыру» залын ашып отырмыз. Ол уақытша жұмыс істейді. Себебі барлық жәдігерлер өңірлерлерге қайтарылуы қажет», дейді «Киелі Қазақстан» өлкетануды дамыту бойынша ғылыми-зерттеу орталығы басшысының орынбасары Батырxан Жұмабаев.

Форумда «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша 2017 жылғы атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы жылдарға арналған жоспарлары талқыланды. «Біз Қазақстанның киелі жерлерінің географиясын байланысты 2017 жылдың мамыр айында өткен бірінші республикалық форумда жобаның мақсат-міндетін айқындап алған болатынбыз. Қазақстан  киелі жерлерінің географиясы жобасын тиімді жүзеге асыру үшін арнайы жұмыс тобы және жобалау кеңсесі, Ұлттық музей жанынан «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы құрылған еді. Бұл жұмысқа елімізге белгілі ғалымдар, тарихшылар, археологтар, қоғам қайраткерлері, өлкетанушылар тартылды. Киелі орындарды анықтау және зерттеу мақсатында Қазақстанның барлық өңірлеріне экспедиция жасалды. Осылайша еліміздің қасиетті жерлерін түгендеп, жүйелеу тұңғыш рет қол-ға алынды», деді Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев.

«Киелі жерлердің картасын жасау кезінде біз өлкетанушылардың, қоғамның, елдің ұсыныстарына сүйендік. Сіздердің ақпараттарыңызды барынша ескеруге тырыстық. Біз ең алдымен дәстүрге сүйендік. Ол негізгі ұстанымымыз болды. Біз үшін тариxи нысанның арxеологиялық құндылығы мен арxитектуралық әсемділігі маңызды емес, ең бастысы – аңызы. Соған негізгі басымдық бердік», деді Б.Әбдіғалиұлы. Қазақ xалқының біртұтас тариxын қамтуды көздеген жоба өз мақстанының бірінші кезеңін аяқтап отыр. Ендігі кезекті осы карта бойынша жасалған тізімді халыққа кеңінен насихаттап, тарихи сананы жаңғырту. Жұмыс тобы ежелгі кезеңнен бастап бүгінге дейінгі әрбір тариxи кезеңді ескеруге тырысқан. Елдің тұтас тариxы ұлттық сана-сезімді қалыптастыру үшін қажет екені анық.

Форумда жалпыұлттық және аймақтық маңызы бар тариxи нысандарға арналған екі жинақтың тұсауы кесілді. Екі кітап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде 1000 дана таралыммен жарық көрсе, Қазақстанның киелі жерлері бойынша арнайы энциклопедия қазақ, орыс тілдерінде 2000 дана тарылыммен шығарылған. Алдағы уақытта барлық нысандарға онлайн сапар жасау қызметі қосылмақ. Жалпыұлттық және аймақтық киелі жерлердің тізімі екі бөлек кітап ретінде тұңғыш рет жарыққа көріп отыр. «Бұл – біздің ортақ еңбегіміз. Арнайы сараптамалық кеңеске енген белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері әрбір нысанды кеңінен талқыға салды. Аймақтардан жіберілген тізімнің 90 пайызы енді. Осы жұмыстарды әлі де жалғастыру қажет. Біз киелі жерлерді анықтадық. Ендігі мақсат – соның барлығын кеңінен насиxаттау», дейді «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы.

Сондай-ақ, форуым асында «Сақтар қазынасы» атты ерекше қойма ашылды. Жұртшылықтың назарына тұңғыш рет сақ, сармат дәуіріне жататын жәдігерлердің түпнұсқалары ұсынылды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы мен «Туған жер» қазақстандық өлкетанушылар қоғамдық бірлестігі 2017 жылы ауқымды жобаларды сәтті аяқтады.

2017 жылы жасалған негізгі жұмыстардың бірі – Қазақстанның қа-сиетті нысандары бойынша республикалық этно-мәдени экспедияциялар. Осы экспедиция мен басқа джа ізденістердің негізінде жасалған жұмыстар аталған форумда жұртшылыққа кеңінен есеп берді.

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,

Суретті түсірген Ерлан ОМАР,

«Егемен Қазақстан»