Қаржы • 22 Қаңтар, 2018

Жаңа Салық кодексі күшіне енді

474 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында жаңа Салық кодексінің жаңалықтары жөнінде ақпарат берді.

Жаңа Салық кодексі күшіне енді

«Жаңа Салық кодексі қабылданды. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі қолданылады. Бұл Салық кодексінің үшіншісі. Алғашқы кодекс 2001 жылы қабылданды. Екіншісі 8 жылдан кейін, яғни 2009 жылы, ал 9 жылдан кейін жаңа Салық кодексі күшіне енді. Онда қандай өзгеріс бар және алдыңғы екі кодекстен айырмашылығы қандай? Бірінші кодексте нормалар жүйеленді, екіншісі салықтық жүктемені төмендетті, үшінші кодекстің міндеті идеологияны өзгерту және жеңілдету болып табылады. Жалпы алғанда, жаңа Салық кодексі идеологияны өзгертуді, ынталандыруды енгізуді және әкімшілендіруді же­ңіл­детуді көздейді. Сонымен қатар салық төлеушілерді қорғауға бағыттал­ған, экономиканың түрлі салаларын ын­таландыруға, әкімшілендіруді жеңілдетуге және де салықты өз бетінше төлеуге ықпал етеді. Мысалы, егер көлік ұрланса, иесі көлік салығын төлеуді жалғастырмайды. Іздеулер ұзақ уақытқа созылады, бір жыл және екі немесе одан да көп. Бұған дейін иесі тіркелімнен шығарылғанға дейін салықты төледі, енді ол қажет емес. Жылжымайтын мүлік салығы, жер са­лы­ғы енді жылдың аяғында төленуі тиіс. Мы­салға, 2017 жылғы салықты 2018 жылдың 1 қазанына дейін төлеуге тура келеді», деді Руслан Дәленов.

Сонымен қатар ол жаңа идео­логия, ынталандырулар мен әкімшілендірудің жаңа әдістері сапалы жақсартулардың негізін қалыптастыратынын алға тартты. 

«Салықтық жаңашылдықты ен­гі­зу арқылы салықтық даулар азая­ды, тексерулердің саны төмендейді, әкім­ші­лендіру жеңілдейді. Шикізат өңдеу ынта­лан­дыруға ие болады, несиелеуге қолдау жасалады, АӨК және ШОБ қолайлы ре­жімге ие болады. Салықтық саясат тұтас ал­ған­да айқын әрі түсінікті болады», деді Р.Дә­ленов.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»