«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан»

Абай атамыз кезінде «Осы күнде қазақ ішінде «ісі білмес, кісі білер» деген мақал шықты. Оның мәнісі «ісіңнің түзулігінен жетпессің, кісіңнің амалшы, айлалығынан жетерсің» деген сөз» деп жазған еді. 

Егемен Қазақстан
31.01.2018 5469
2

Байқасаңыз, бұл бүгінгі күнге сай айтылған ба дерсіз. Өйткені бұл сөздің мәні қолынан іс келетін адамды шеттетіп, амалын асырған адамды билікке отырғызу. Расы керек, қазір айналаңызға қарасаңыз, қоғамымыз осындай күй кешіп жатқандай.
Әрине жеке бастың мүддесін ғана көздейтін адамның ниеті көпшіліктің қамын күйттеумен ешуақытта ұштас­пайтыны анық. Сондықтан «кісі­сі біл­ген» адамнан жақсылық шық­пай­ты­ны рас.

Халық мақалы да осыны рас­тағандай: «Жақсы адам атқа мінсе жарасады. Жаман адам атқа мінсе адасады» дейді. Ал адасып жатқандар аз емес. Бірақ мұны ат үстінде отырған адамның аңғара қоюы қиын. Ол «мен білетін болғандықтан, керек болғандықтан мені атқа отырғызды» дейді. Сөйтіп екі көзі тұмшаланады. Тек талай жанды жазғырып, жазықсыз жаза­лап барып, болары болып бояуы сіңгенде ғана мұны орынтаққа отыр­ғыз­ған «кісісінің айлалығы» қа­те­лікке ұрын­дырғанын жоғары жақ байқауы мүмкін. 

Сондайда амалсыз «Ештен кеш жақсы» дейсіз. Және осындай қате­лік­тердің бәрін әуелі халық кө­ріп, байқап қоятыны көңілге медет. Сон­дықтан ол жайлы әңгіме алдымен аннан-мұннан қылтиып, айтылып қалып жатады. Әйтсе де оның дер кезінде назарға алына қоймайтыны көңілге күдік ұялатады. Әйтпесе мұны дер кезінде аңғарып, сол кезде іс басына келген «ісінің түзулігінен» жетістікке жеткізе алатын, яғни ел қамын күйттейтін жанның пайдасы көп болар еді. Сонда Сүйінбай Аронұлының «Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ, Көреді бәрін де өз баласындай» дегеніндей, оған ортақ мақсатқа қол жеткізуде алаламау, жанына жақпағандарды жақтырмау жат болар еді. Ондай адам жұрттың ырысына айналары да сөзсіз.
Ал «кісісінің» айтқанымен тізгінге ие болып, сосын не істесем де еркімде дейтіндердің оңбай сүрінгені бар.

Тәуелсіздік алғалы бері теріс ісімен елді қақсатқан қаншама шенеунік ұсталды. Абыройсыздыққа ұшырады. Араларында кім жоқ дейсіз. Солардың дені «көкесінің кереметтігінен» кеуде кергендер. Мұндайлардың қолына билік тізгіні тисе, өздерінің кім екендіктерін шынайы түрде көрсетеді дейді сарапшылар. Рас сөз. Өйткені белгілі бір іске жете кәсіптенбеген, оның қыр-сырын біле қоймаған адамға әлгі тұңғиығы таныс емес мамандықты кенеттен иығына жүктер болса, сол сәтте-ақ оның өзін өзі ұстауы, мінез-құлқы, әрекеті бірден өзгереді екен. Жақсы жаққа өзгерсе бір сәрі ғой.

Іс барысын білмегендіктен адасатын көрінеді. Бұған сарапшылар нақты мысал да келтіреді. 1971 жылы психолог Ф.Зимбардо тәуелді адамдар мен қолында билігі бар адамдардың іс-әрекетін сынап көргісі келеді. Ол үшін Стэндфорд университетінің студент-еріктілерін екі топқа: ұсталғандар мен қарауылдарға бөледі. Нәтижесінде бас бостандығынан айырылып «түрмеге» қамалғандар мен оларды күзететін, қарауылдайтын «айдауылдар» пайда болады.

Сонда осы тәжірибе барысында психолог күзетшілердің бойынан қатыгездік көріністерін байқаса, қамаудағылардан керісінше, қауқарсыздық пен сағы сынғандық көріністерін байқайды. Бұдан кейін Зимбардо сынақты доғара қояды. Өйткені екі топтың әрекетінен қауіпті нышандар ашық аңғарыла бастаған.
Міне, өркениетті елдердің заңгер­лері ізгілік қағидасын дамыту, қыл­мыс­­тық саясатты ізгілендіру керек деп айтқанда, әр саланың білікті өз маманы болуы қажеттігін алға тартады. Біліксіздік, іс барысын жете білмеу өкінішке соқтырады.

Заңды біліп қою жеткіліксіз, оның орындалуы үшін адамгершілік қағидалардың ұштастырылуына жол ашатын ізгілік қажет. Әйтпесе студент бірден тәжі­ри­белі заңгер, тіл маманы – хирург, агроном – ұшқыш, құрылысшы, тіс дә­рігері болып істі тындыра салмайды. Бірақ қолынан іс келмесе де «кісісінің көме­гімен» барып, тұнық суды лайлап жатқандар бар ғой. Сонда халық арасында денсаулық саласына, білім саласына, ауыл шаруашылығына қатысты айтылатын әңгімелер өзегінде өтірік жоқ-ау деп ойланасыз. Небір салалардың басшылары айтты деген күлкілі әңгімелер де туындап жат­қан жайы бар.

Соның негізі Абай ата­мыз­дың «сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген сөзіне мән бер­мей, өз кетігін таба алмауында-ау ша­масы.

Александр ТАСБОЛАТ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.02.2019

Орал қатты қалдықты өңдеуге кірісті

18.02.2019

ҚХЛ: «Барыс» «Адмиралдан» ұтылды

18.02.2019

Семейде математикадан аймақтық олимпиада өтті

18.02.2019

Шымкентте өртеніп жатқан үйден сәбилерді аман алып қалған жас батыр марапатталды

18.02.2019

Семейде татар халқы  «Самавыр янында» бас қосты

18.02.2019

Жетісу кәсіпкерлері көшелерді  жарықтандыруға кіріседі

18.02.2019

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысы өтеді

18.02.2019

Жапония мен Түрікменстан өкілдері кездесті

18.02.2019

Баку қаласында Каспий теңізі мәселелері жөнінде отырыс өтеді

18.02.2019

Алматыда 120 көшеге энергия үнемдейтін жарықдиодты жарықтандыру орнатылады

18.02.2019

Астана-Қарағанды тас жолы қатты бұрқасын салдарынан жабылды

18.02.2019

Алматы облысында 365 күнде 365 кәсіпкерден өтініш қабылданды

18.02.2019

Атақты дизайнер қиын жағдайға тап болған әйелдерге 50 киім үлгісін сыйлайды

18.02.2019

2018 жылы қызылшамен ауырғандар саны өскен

18.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері дабыл бойынша көтерілді

18.02.2019

Ақтаулық ата-аналар Оксфордтық курсты оқыды

18.02.2019

Қостанай ювеналдық сотында «Отбасы бөлмесі» ашылды

18.02.2019

Донецк қаласында бірнеше жарылыс болды

18.02.2019

Үндістан үкіметі Эверестің биіктігін қайта өлшемек

18.02.2019

Қазақстанда қанша қасқыр бар?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу