Қарағандыға сырттан көмір тасығаны несі?!

Өткен жылдың соңын­да «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлур­гия комбинатының қа­жеттіліктері үшін Ре­сей­ден көмір концентратын сатып алады де­ген ақпарат тараған бо­латын. Жер-жаһанға әйгілі көмір бассейнінің үстінде отырып, бұл қа­лай болғаны деген сұ­рақ өзінен-өзі туындай­ды. Кезінде бір комбинат түгіл, күллі Кеңес Ода­ғы­ның қажетін өтеген Қара­ғанды көмірі түге­сілуге айналғаны ма?!

Егемен Қазақстан
09.02.2018 650

Болат департаментінің 2017 жылғы жұмыс қоры­тын­дылары мен үстіміздегі жылға жоспары туралы ақпарат таратқан «АМТ» АҚ-тың баспасөз қызметі ком­панияның ресейлік «Рас­падская угольная компания» ЖШБ-ден (Кемер облысы­ның Новокузнецк қаласы) кө­мір концентратын сатып алу себебі туралы түсінік берді. Тү­сін­геніміз, Қарағанды метал­­лургия комбинатының кокс-химия өндірісі былтыр жыл бойы қажетті көмір­ден тапшылық көрген. Ком­панияның мәлімдеуінше, жалпы көлемі 250 мың тонна көмір және 50 мың тонна концентрат жетіспей қалыпты. Әсіресе желтоқсан айында кокс батареялары шикізат тап­шылығы салдарынан төмен өлшемдермен жұмыс іс­теуге мәжбүр болған. Ком­па­­нияға сондықтан сырттан көмір сатып алуға тура келген-мыс.

– 23 желтоқсанда кокс­тауға біздің компания «Распадская» угольная компания» ЖШБ-ден сатып алған «Ж» және «ГЖ» маркалы көмір концентраты жеткізілді. Тәжірибе көрсеткендей, ресейлік кон­цент­раттың сапасы метал­лургия комбина­ты Қара­ғанды шахталарынан алатын өнімнің сапасынан анағұрлым жоғары және кокстауға қойылатын бар­лық талаптарға сай. 10-15% көле­мінде сатып алынған «Ж» және «ГЖ» маркалы көмір кон­центраты кокс сапасын арттыруға мүмкіндік беріп, өндіріске оң ықпалын тигізуде, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сөйтіп Кемер облы­сы­ның кәсіпорнымен ор­на­тылған уақытша әріп­тестік ұзақ мерзімге ұла­сатын сыңайлы. Мұны ком­пания­ның өзі де жоққа шы­ғарып отырған жоқ. Бұл орайда қарағандылықтар, әсіресе кеншілер қауымы көмір концентратын сырттан сатып алу жалғаса берсе, шахталар жабылып қал­май ма деп алаңдаулы. Қара­ғандыда «Комбинат қо­жайыны көмір өндіруші кәсіп­орындардан құтылуға бейіл екен» деген қауесет тар­а­ғаны да рас.
Қарағанды облыстық өнеркәсіп және индустрия­лық-иннова­циялық даму басқармасының мәліметіне жүгінсек, былтыр металлургия комбинатына 2646,6 мың тонна кокс өндіру үшін Қарағанды көмір бассейні­нен 3900000 тонна көмір, «Восточная» орталық байыту фабрикасынан 1800000 тонна концентрат жеткізілген. Биылғы жылдың жоспарына сәйкес, кокс-химия өндірісіне жергілікті шахталар мен ба­йыту фабрикасынан 4105000 тонна көмір және 1735000 тонна концентрат қажет.

Соңғы желтоқсан мен қаң­тар айларының аралы­ғын­­да «АрселорМиттал Темір­­­тау» АҚ-қа сырттан са­­тып алған 40000 тонна, яғ­ни жалпы көлемнің 10-15 %-ы мөлшеріндегі көмір кон­цент­раты жеткізілді. Ресей өнімінің сапасы темір жол тасымалына кететін шы­­ғынды да ақтайтын көрі­­неді. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмірінің өзін­дік құны ашық әдіспен өнді­р­і­летін көмірдікінен жоғары. Оның нақты мөл­шерін анықтай алмасақ та, шамамен әр тоннасы 15-20 мың теңге деп болжауға болады. «Распадск» көмір компаниясының прейскурантына сәйкес, «ГЖ» маркалы концентраттың әр тоннасы 7200-8200 рубль, «Ж» маркалы концентраттың әр тоннасы 9750-12700 рубль тұрады және бұл жерде қосым­ша құн салығы мен темір жол тарифі есепке алынбаған. 

Жеткізушінің сауда сая­сатына сәйкес, бұл – ұзақ мерзімді әріптестік (кемінде екі жылға келісімшарт) және айына кемінде 100 мың тонна көмір сатып алу шартымен белгіленген бағаның түрі. 

Көлем бойынша жасалатын жеңілдік қосымша құн салығын есептемегенде әр тоннасына 100 рубльден ғана. Айналып келгенде, ең арзан деген ресейлік концентрат қарағандылық өнімнен кем дегенде екі есеге қымбатқа түседі екен.

Егер компания концентраттың 10-15 пайызын ғана сырттан тасыса, алаң­дамай-ақ қоюға болады. Оның үсті­не, «Восточная» ОБФ Қарағанды шах­та­ларының көмірін тұтынады. Бұл жерде ес­­керетін негізгі мәселе, сырт­тан әке­лі­­нетін концентраттың мөл­ше­рі жер­гілікті шахталардың металлур­гия ком­би­натын қамтамасыз ете алу жағ­дай­ына байланысты. «Көмір депар­таменті шах­­таларының жұмысына қарай сырт­тан әкелінетін концентраттың кокс өн­дірісіне қатысуы 100% құрауы мүм­кін», делінген компанияның ресми мә­лім­­демесінде.

Яғни, комбинатқа қажет көлемді тұ­рақты қамтамасыз етіп, ресейлік жет­кі­зушінің алдын орау үшін жергілікті кен­шілер аянбауы керек деген қоры­тын­дыға келеміз. Желтоқсан айында шахтерлер жалақыны көбейтуді талап етіп, дүрліккені естеріңізде болар. Ресейлік компаниямен қымбат келі­сім­ге бару соған орай жасалып отыр­ған кесір әрекет емес пе деген де ой ке­леді. Әйтпесе, Көмір департаментінің қа­зіргі уақытта жұмыс істеп тұрған сегіз шах­тасының жетеуі кокстаушы көмір өн­діреді. Сегізінші «Абай» шахтасы энер­ге­тикалық көмір шығарады. Көп­шіліктің бол­жауынша, шахталарға жабылу қаупі төн­се, бірінші кезекте осы шахта жабылады. Оның өзіндік құны ашық кен орындарынан алынатын өнімнен екі есе қымбат.

– Компания өкілдерінің айтуы­н­ша, бұл «АМТ» компаниясына ауадай қажет, – деді «Қорғау» кө­мір­шілер кәсіподағының төрағасы Марат Миргаязов. – Ресейлік компа­ния өз кө­мі­рін біздегідей бағамен бер­мей­ді. Оның үстіне, «Распадская» комп­а­ния­сы­ның ресурстары таусылмас­тай мол емес, олар көмірді тек белгілі бір мерзім ара­лығында жеткізіп беріп отыруға келі­седі. Көмірді Новокузнецкіден немесе өзі­міз­дің шахталардан жеткізуге кете­тін шығын айырмашылығы да жер мен көк­тей. Сондықтан алаңдайтын ештеңе жоқ.

Қарағандыда көмір өнеркәсібінің арда­герлерімен кездесіп, кәсіби тәжі­рибелі маман ретіндегі пікірін білу қи­ын шаруа емес. Сондай бірнеше май­тал­манның сөзіне құлақ асып көргенде түйгеніміз мынау: «АМТ» компаниясының шахталары жоғары сапалы көмір концентратын беруге қабілетті. Бұл орайда өндірісті ти­істі жабдықтармен қамтамасыз етіп оты­руды естен шығармау керек. «ГЖ» мар­калы көмірдің жетіспейтіні рас. Оған себеп – лава тапшылығы. Мы­са­лы, «Шахтинская» шахтасында бұрынғы сегіз лавадан қазір шағын бі­реуі ғана қалған. Ленин атындағы шах­тадағы жағдай да осындай. Мұның соңы жақсылыққа апармайды. Барланған кө­мір қоры 9 млрд тоннаны құрайды. Кез­інде 44 млн тонна майлы көмір өн­дірілген екен.
Сонымен өз шахталарымыз бен байыту фабрикамыз тұрғанда, мамандарымыз барда көмір концентратын сырттан сатып алу не үшін қажет болды? Бір есептен, өнім көлемі мен сапасын арттыру үшін өндірісті дамыту, жетілдіру керек. Оның бәріне қыруар қаражат қажет. 2008 жылдың маусым айында Қазақстан Үкіметі Көмір өнеркәсібін дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын мақұл­дады. Сол тұжырымдамада Қара­ған­­дының кокстаушы көміріне деген сұраныс 2020 жылға қарай 25 млн тоннаға дейін артады деп болжанған еді. Осы сұранысты қанағаттандыру үшін жаңа шахталар салу жайы да ойлас­ты­рылды. Сонымен қатар «АМТ» АҚ-тың жұмыс істеп тұрған шахталарында күр­делі құрылыс-монтаж жұмыстарын жүр­гі­зіп, әлемдік талаптарға сай проходка және өндіріс жабдықтарын сатып алу жоспарланды.

Алайда Үкіметтің 2014 жылдың 28 маусымындағы «Қазақстан Рес­пуб­ли­касының отын-энергетика кеше­нін дамытудың 2030 жылға дейін­гі тұ­жы­рымдамасын бекіту туралы» қау­лы­сында белгіленген меже әлде­қай­да төмендетіліп, 2020 жылға қарай өн­ді­рі­летін кокстаушы көмір көлемі 14,1 млн тон­на болады деп нақтыланды.

Үкімет көмір өндірісін ұлғайтуды осы бағыттағы жалғыз ірі компания «АрселорМиттал Теміртаумен», ал сұ­ра­­ныстың өсуін болат өндіру қуатын 6 млн тоннаға дейін жеткізу жобасымен байланыс­тырады, әрине. Аталған тұжы­рым­­дамада баяндалғандай, Қарағанды кө­мір бассейнінде жоғары сапалы, әлем­дік нарықта бәсекеге қабілетті кокстаушы көмірдің мол қоры бар. Олай болса, «АМТ» АҚ-тың басшылығы өзінде бар­ды өзгеден тасып, екі шығындалып отыр­ғаны несі?! Мыңдаған адамның тір­шілік көзі болып отырған өндіріс тағ­ды­рын өзім білемге салуға ешкімнің де құқы жоқ. Мәселе оң шешімін таппаса, Үкімет қарап отырмас деп сенеміз.

Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.08.2018

Жамбылда ет экспорты мың тоннаға артады

17.08.2018

Рустам МИННИХАНОВ: Экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделіміз

17.08.2018

Солтүстік Қазақстан университеті 1702 грант ұттып алды

17.08.2018

Сапар Өтемісұлы туралы сыр

17.08.2018

Күншуақ қаласындағы жазушы

17.08.2018

Тұлға тағылымы

17.08.2018

Қарағандыда «Мерейлі отбасы-2018» байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті

17.08.2018

Қостанайлық диқандардың биылғы кеусені 5 миллион тоннадан кем болмайды

17.08.2018

Тілтолғақ пен тілтұтқа

17.08.2018

Елімізде халықаралық музыкалық байқау басталады

17.08.2018

«Шахтер» саябағында салынған бассейн құрылысы қала тұрғындарын таңғалдырды

17.08.2018

Жезқазғандағы жекеменшік Диснейленд

17.08.2018

Еуропа лигасы: «Астананың» плей-офф кезеңдегі қарсыласы анықталды

17.08.2018

Қазақстанда ұлттық этноспорт ойындарынан кіші Олимпиада өтеді

17.08.2018

Астанада Шыңғыс Айтматов атындағы көшенің ашылу рәсімі өтті

17.08.2018

Абай әлеміне саяхат

17.08.2018

Батыс Қытай айшықтары

17.08.2018

Рудныйда Челябі облысындағы қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

17.08.2018

Мәлік Ғабдуллиннің ғылыми-әдеби еңбектері қамтылған 11 томдық кітабының тұсаукесері өтті

17.08.2018

Елбасы жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу