Қысқы спорт • 11 Ақпан, 2018

Қысқы Олимпиаданың кестесіне өзгерістер енгізілді

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарына бүгін өзгерістер енгізілді.

Қысқы Олимпиаданың кестесіне өзгерістер енгізілді

Бүгін қазақстандық шаңғышылар жарыс жолына шығуы тиіс еді. Алайда Олимпиада қалашығында желдің қатты соғуынан жарыстар 15-16 ақпанға ауыстырылды.

FIS (Халықаралық шаңғы спорты федерациясы) мәліметі бойынша, бүгін желдің жылдамдығы сағатына 72 км дейін жетеді деп болжанып отыр. Спортшылардың жарақат алып қалуының алдын алу үшін осындай шешім қабылданды.

Айта кетейік, бүгін шаңғышылар арасында қазақстандық Игорь Закурдаев сынға түсуі тиіс болатын.