Технология • 12 Ақпан, 2018

Ғарышты игерудің жаңа дәуірі басталды

1072 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Тесла» компаниясының негізін салушы америкалық миллиардер Илон Маскқа тиесілі SpaceX корпорациясы Falcon Heavy деп аталатын ауыр ракетаны сынақтан өткізіп, оның үдемелі блоктарын сәтті қондырды. 

Ғарышты игерудің жаңа дәуірі басталды

Флорида штатындағы «Кен­неди» ғарыш айлағынан көкке самғаған зымыран аспан­ға 64 тонна жүкті көтеріп шыға алады. Бұрын мұндай ауыр сал­мақты жүкті ғарышқа көте­ру мүмкін емес-тұғын.

Илон Маск зымыранның негізгі бөлігіне өзінің жеке Tesla Roadster автокөлігін орнатыпты. Ракета аспанға көтерілген соң, көлік Марсқа қарай өз сапарын жалғастырмақ. Болжам бойынша, ол Жерден 400 миллион шақырым қашықтыққа дейін ұшуы керек. Ғарыш көлігінің жылдамдығы секундына 11 шақырымға тең.

Falcon Heavy – адамзат тари­хындағы ең қуатты зымыран. Оның 27 қозғалтқы­шы бар және биіктігі 70 метр­ге жетеді. Осы сынақ барысында ракетаның екі үдемелі блогы «Кеннеди» айлағына сәтті қондырылды. Алайда бір бөлігі Атлант мұхитына қону барысында апатқа ұшырап, жанып кетті.

Бұған алаңдап отырған И.Маск жоқ. Өйткені екі үдемелі блокты қондырудың өзі зор абырой. Бұған дейін ға­рышты игеруде мұндай та­бысқа қол жеткізілмеген бола­тын. Бұл, сынақ блоктарды сәт­ті қондыруға мүмкіндік мол еке­­нін көрсетті.

Шолуды дайындаған

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»