Қысқы спорт • 12 Ақпан, 2018

Қарағандыда «Ақ қыс-2018» спартакиадасы басталды

596 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыдағы «Ақжолтай» спорт сарайында облыстық қысқы «Қарлы қыс-2018» ауылдық спартакиадасы мен қалалар мен аудандар арасындағы «Ақ қыс-2018» спартакиадасы басталды.

Қарағандыда «Ақ қыс-2018» спартакиадасы басталды

Аталған спорттық шара Оңтүс­тік Кореяда алауы жағыл­ған Ақ Олимпиадаға арналды. Еске салсақ, Пхенчхандағы ойындарға Қарағанды облысынан үш спортшы қатысады. Олар коньки киген жүйріктер Екатерина Айдова, Станислав Палкин және Артём Крикунов.

Спартакиаданың ашылу салтанатында мұз үстінде жүзге жуық адам қатысқан флеш­моб көрерменді тәнті етті. Шараға қатысушылар осындай қойылыммен қысқы Олимпия ойындарында ел намысын қорғайтын жерлестеріне қолдау білдіріп, жігер береміз дегенді айтты.

Арқадағы ақ спартакиада додасына қысқы спорт түр­лері бойынша 600-ден астам адам қатысуда. Айта кету керек, бұлардың бәрі де кәсіпқой спортшылар емес. Жарыстар спорттың төрт түрі бойынша өтеді: қысқы Президенттік көп­сайыс, шаңғымен жүгіру, допты хоккей және конькимен жүгіру. Қысқы спартакиа­да қорытындысында үздік спорттық қала мен ауыл анық­талады.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ