Аймақтар • 13 Ақпан, 2018

Бала бүркітші

531 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірер күн бұрын Алматыда «Қыран – 2018» деген атпен құсбегілердің сайысы өткен болатын. Ел ішінен елуден астам бүркітшінің басын қосып, қыран қызылдаған жарысқа биыл Моңғолия қазақтары да арнайы келіпті.

Бала бүркітші

Бұл сайыстың тұрақты жалғасып, дәстүрге айнал­ғанына он жылдан асты. Ал биылғы қызығы, қиқу­лап қыран ұшырған кіл бүр­кітшінің арасынан қар­ша­дай баланың бүркіті ша­лымды болып, бірінші орын­ға ие болғаны шығар.

Сайысқа Алматы облы­сының Еңбекшіқазақ ауда­нынан келіп қатысқан Бексұлтан Сейітжанның жа­сы он үшке енді толды.

– Қыранымның аты – «Хан Тәңірі». 5 жыл болды, өзім баулып, асырап ке­лемін. Былтыр Көкшетауға осындай жарысқа бардым. Құ­сым бабында болғанымен, қашқан қоян жасырынып қалып, жүлде ала алмай қалғанбыз. Содан аздап уайымдап жүр едім, биылғы сайыстан бірінші орын алып қуанып тұрмын, – дейді бала бүркітші.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы