Бокс • 17 Ақпан, 2018

Жанат Жақиянов кәсіби бокстағы карьерасын аяқтады

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал қазақстандық кәсіби боксшы, WBA нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Жанат Жақиянов спорттағы карьерасын аяқтау жөнінде шешім қабылдады , деп хабарлайды Sports.kz.

 

Жанат Жақиянов кәсіби бокстағы карьерасын аяқтады

«Мен карьерамды аяқтаймын деп шешім қабылдадым. Оған негіз болған себептер аз емес. Мен 3-4 ай бойы ойланып, бүгін міне, тиісті шешім қабылдадым. Осы уақытқа дейін мені қолдап келген азаматтардың барлығына алғасымды білдіргім келеді. Бірінші кезекте мен жанкүйерлеріме алғыс айтамын. Сондай-ақ бақилық болған бапкерім, Александр Николаевич Лебедевке алғым шексіз. Бапкерлерім Рикки Хаттон, Майк Джексон, Виктор Ивановқа басымды иемін. Менеджерлерім Филипп Фондю мен Ерік Жайлауовқа рахмет. Бұлардың барлығы да маған барлық жағынан қолдау көрсеткен азаматтар. Мен үлкен жолдан өттім, енді соны аяқтайтын уақыт та жеткен сияқты»,-деп мәлімдеді Жанат Жақиянов.