Театр • 20 Ақпан, 2018

Махамбет атындағы об­лыс­тық академиялық драма театр биыл 80 жылдығын атап өтеді

476 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы облыс әкімдігінен драма театрға академиялық атақ беру жөнінде Мәдениет және спорт министрлігіне ұсыныс жол­дан­ған еді. Өнер ұжымы сол ұсыныстың қолдау тапқанына қуанышты.  

Махамбет атындағы об­лыс­тық академиялық драма театр биыл 80 жылдығын атап өтеді

– Соңғы екі жыл ішінде теат­р үлкен белестерге жетті. Шет елдерге гастрольдік сапарларға шы­ғып, бірқатар шақыртулар алды. Өткен жылы 25-ші рет өткен рес­публикалық театр фестивалінде бі­рінші орынға ие болды. Осы ең­бек еленіп, бүгінде облыс әкі­мінің тікелей қолдауымен ака­­­демиялық атақ алып отырмыз. Бұл бастам­а­ны Қазақстан Теа­трлар ассо­са­циясының пре­зи­денті Асанәлі Әшімовтің өзі қолдады. Осының барлығы театр қызмет­керлерінің еңбегі, – дейді театр басшысы Берік Жаменов.

Махамбет атындағы об­лыс­тық академиялық драма театр биыл 80 жылдық мерейтойын атап өтеді. Театр басшысы, мерейтой қарсаңында ТМД мен еліміздегі ірі театр ұжымдарымен бірлесіп фес­тиваль және танымал әртістердің қатысуымен шеберлік-сағаттары өтетінін айтты.

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ