Қазақстан • 02 Наурыз, 2018

Энергетика министрлігі Сәдібековтің ұсталуына қатысты пікір білдірді

381 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Энергетика министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ресми мәлімдемесіне сәйкес Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Ж.Нұрбековтің және вице-министр Ғ. Сәдібековтің ұсталуы бойынша жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде қолданылған қандай да бір нақты шара туралы ақпарат жоқ екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Энергетика министрлігі Сәдібековтің ұсталуына қатысты пікір білдірді

Фото: informburo.kz

 

Өз тарапынан ведомство қызметінде елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар шеңберінде қызмет атқаратындығын және сыбайлас жемқорлықтың қандай да бір белгісіне қарсы екендігін хабарлайды.

Осылайша, Министрлік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыстарды болдырмау мақсатында тұрақты негізде жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша қызметкерлері үшін іс-шаралар өткізеді.

2017 жылы Министрлік пен оның аумақтық бөлімшелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін зерттеу бойынша 11 талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 10 бақылау жұмыстарын, 58 іс-шара жүргізді және жемқорлыққа қарсы 7 стандарт әзірледі.

2017 жылдың қорытындысы бойынша Министрлік қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталмағандығын атап өту маңызды.

ҚР Энергетика министрлігі мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру, оның ашықтығын қамтамасыз ету және бюджеттік қаржының жұмсалуына бақылау жүргізу бойынша жұмысты белсенді түрде іске асырады, аталған шараларды нәтижелі жүзеге асыру бақылау функцияларының ашықтығы және мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға мүмкіндік береді.

Орын алған жағдайды толық және объективті бағалау үшін Министрлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына жан-жақты қолдау көрсетіліп, сұратылып жатқан барлық материалдардың еш кедергісіз ұсынылып жатқандығын хабарлайды.

ҚР Энергетика министрлігі құзыретті органдардың шешімі белгілі болмайынша, дәлелсіз қорытындылар шығармауды сұрайды.

Естеріңізге сала кетсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы бюджет қаражатын жымқырып келген, ҚР Энергетика министрлігінің лауазымды қызметкерлерін ұстағаны туралы хабарлаған болатынбыз.