Бірлік пен тірлік

«...Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады – білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді. Олай болғанда, байлықтан не пайда, кедейліктен не залал?.. Осы ма бірлік? Жоқ, бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады. Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бірлік қылса керек...». Бұл – Абайдың сөзі.

Егемен Қазақстан
06.03.2018 976
2

Міне, данышпанның айтқан осы бірлігі қазаққа дәл қазір керек болып тұрғандай. Себебі дүние дүрбелеңге толы. Алыптар мен мықтымын ба, әлде сен белдісің бе деп алакөз. Осы бір алакөздік талай жұрттың обалына қалып, шығынға ұшыратып, жұдырығын шығарып жатыр. Мұндай кезде қазақ біріне бірі қабақ түйіп емес, жадырап қараса екен.

Біздің бұл сөзімізге кейбір ағайындар не айтып отырсың, оспадарлыққа барып, былайғы, яғни қарапайым жұрттың жүйкесін жұқартып жемқорлыққа, жең ұшынан жалғасуға, жепқашарға, ұлт дәулетін тарыдай шашып, алшаңдай басып, елді емес, өз қамын ойлайтындарға айтсаңшы дер. Оған да мұның теріс дей алмайсың. Түзу келе жатып, алтынды көргенге дейінгі періште қалпын аяқастынан пендеге, тіпті бейшара халге түсіріп, ауға ұрынған балықтай, торда тулағандар азаймай тұр. Бірінен кейін бірі ілініп, бүлініп жатқандарды көргенде, бұрын бүйрек бүлк еткендей болушы еді. Енді бүйректі қойып, бүкіл болмысың, жан-дүниең тітірейтінді шығарды. Олар­дың арасында тәуелсіз Қазақ елінің абыройын асырады, дәулетін арттырады, сәулетін келтіреді, деген азаматтардың қылаң беретіні өкінішті-ақ. Бұл кімді де болса ойландырмай қоймайды. Содан да шығар, Мемлекет басшысының құқық саласына табанды реформалар жасауды тапсырып, оның алғашқы қадамы жасалып жатқаны. Енді босбелбеу тартылып, бос жүріс азайып, қақшып кетуге бейім қырғи қылық тұсалып, елдік іске зиян келтіретіндер тыйылар. Қазақ қоға­мын­дағы әттегенайлардың ініне су құйы­лып, халықтың сенімі нығайып, күді­гін үміт жеңер. Береке бірлік, жүйелі тірлік салтанат құрар, жат қылық сағымға айналып, сенімге түскен селкеудің тұманы сейілер...

Бұл бір десек, екіншіден, қазақ қоғамының дамуындағы ала-құлалықтың көрінісін атар едік. Иә, мұны капиталистік күн кешу тұсында болатын үрдіс қой дерсіз. Бірақ жері кең, байлығы телегей-теңіз болғанымен, халық саны аз, оны кейбіреулер бұл Құдайдың әділетсіздігі деп топшылайтын тұста, мұның да астары иірімсіз еместей көрінеді. Несін жасырамыз, ұлтымыз қазір іштей, ауыл жұрты, қала халқы, бай мен кедей, ауқаттылар мен әлсіздер, жоғарыдағылар, төмен­дегілер, қызмет баспалдағындағы жетелей жөнелу, көп жағдайда ілгері қозғалудың қиындығы, тіл мен ділдегі, діндегі қайшылықтар, қолынан келген­дердің кеуделеуі, тұрмысы төмен­нің тұнжырауы еске түскенде оның байлы­ғына күдікпен қарайтындардың табылуы, кедейдің кері кетуінің себебіне түңілетіндердің төбе көрсетуі – осының бәрі беті жылтыраған су астындағы ағыс­тай қылаң беруі ұлтты жіктелуге апара жатқан жоқ па деген ойдың мазалайтынын жасыра алмасақ керек.

Текті білген жақсы. Әйтсе де текті білу кезінде ата-ана даңқын бәсекеге қою жақсылықтың нышаны емес. Бұл оқушылардың жіктелуіне де апарып жүр. Ақшасы барлардың ұл-қызын әртүрлі желеулермен бөлек оқыту үрдісі ертең ұрпақты өзімшілдікке апармас па екен? Ұлт бірлігі ұлт баласының бойында қалыптасса ұтылмас едік. Қазірдің өзінде бай баласы, кедей баласы деген жат ұғым барын қалай бүгіп қаларсың. Баяғыдағы сондай бөліну кезінде Абай «Күшті жықпақ, бай жеңбек әуел бас­тан» десе, Сәбит Дөнентаев «Бұл заман байқағанға күштінікі, азулы, тырнақты мен тістінікі», депті. Тәңірім азат елдің адамын ондай күнге жеткізбесе екен.

Сырттың жат қылықтары да жанға батады. Үлгі тұтқан АҚШ-тағы оқушылар шы­ғыны мен мектеп балаларының қар­сы­лығы, Еуропадағы кейбір көрген­сіздіктер қай-қайсымызды да ойландыру керек тәрізді. Осындайда өз үлгімізге ден қойып, басқаның жасығын емес, асылын алып, қазақы қалыппен үйлестірсек, қане! Жақсы әдетке ұйытқы болу, сөзге тоқтау, азды-кем қырғиқабақта «жеңіс­ке» ұмтылмай, жете­лі­лік таныту зия­лы толқынның, ұлт жақ­сы­ларының ен­шісіндегі істей көрінеді. Шүкір, қазақта айтулылар аз болмаған, қазір де молынан. Бабалар салтымен көрегендік таныту, бас-басына билік, күңкіл емес, елдік туды биікке көтеру сәтін қалыптастырсақ ұлт мақсатқа жетеді. Егер бұлай болмаған жағдайда, «Өздеріңді түзелер дей алмаймын, Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың» деген Абай тәмсілі, бетін аулақ қылсын, алдан шыға ма деп те қала­сың. Сондықтан «Ел болудың амалы – ішкі бір­лік. Тарихтың барлық кезеңінде дау­дан да, жаудан да қазақ ұтылса, тек бірлік пен татулықтың аздығынан ұтылды», деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне бақсақ, кейінгі ұрпақ алдында жүзіміздің жарық болатынына иманымыз кәміл.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Қ.Тоқаев Мюнхен конференциясына қатысты

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу