Бағдарламалар • 12 Наурыз, 2018

Әлеуметтік бастама елдің игілігіне арналған ұтымды жоба

452 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елбасының Парламент палаталарының бірлескен отырысында көтерген жаңа әлеуметтік бастамалары – елдің игілігіне арналған ұтымды әлеуметтік жоба.

Әлеуметтік бастама елдің игілігіне арналған ұтымды жоба

Президент бесінші бастамасында «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» міндетін қойды. Көгілдір отынның игілігін Сыр бойы халқы оншақты жыл­дан бері көріп келеді, сол арқы­лы жұрт­шы­лық әлеуметтік-тұр­мыс­тық ахуалдың айтарлықтай жақ­сар­ғанын сезінуде. Елбасы еліміз­де газ өндіру тәуелсіздік кезеңінде жылына 8-ден 52 млрд текше метр­ге дейін артқанын, әрі қарай да өсе түсетінін атап өтті.

«Қазір еліміздегі тұрғын­дар­дың 50 процентке жуығы газбен қам­тамасыз етіл­ген. 9 облысқа газ тар­тылған. Дегенмен орталық және солтүстік өңірлер әлі де газсыз отыр. Біз Қараөзек (Қызылор­да облысы) – Жезқазған – Қараған­ды – Теміртау – Астана бағытында магистральды газ құбырын салу жобасын жүзеге асыруымыз керек. Оған тиісінше қаражат тарту қажет болады, соның ішінде халықара­лық қаржы институттарынан да. Бұл 2,7 млн адамды газбен қамтамасыз етумен қатар, ша­ғын және орта бизнестің жаңа өндірістерін ашуға мүмкіндік береді», деді Президент. Әрине бұл өте орынды қадам, алдағы уақытта еліміздің басқа да өңірлері көгілдір отынның жақсылығын көруге тиіс деп санаймыз. Прези­денттің бес бастамасын Сыр бойы халқы зор қуанышпен қарсы алды және жарқын болашағына айқын бағдар алып отыр.

Астананы газдандыру экологияны жақсартып, зиянды қал­дықтардың ауа­ға таралуын 6 есе­ге азайтады екен. Жоба­ны жү­­зеге асыру өзге өңірлерді де газ­дан­дыруға мүмкіндік береді. Сары­­арқа­ға газ келген соң Пав­ло­дар, Петропавл, Көкшетау қала­ларына да көгілдір отын жеткізу қарастырылмақ. Сонымен бірге құрылыстың бірнеше рет екшеліп пысық­талғаны, сөйтіп нақты жобаға айналғаны айтылды.

Елбасының бастамасымен енді Сырдан Сарыарқаға газ құ­быры тартылмақ. Бұл Қараөзек газ тарату стансасынан басталатын алып құрылыс біздің қызыл­орда­лықтарға жаңа жұмыс орындары ғана емес, өндірісімізге сер­пін әкеледі. Қазіргі таңда облыс халқының 63 пайызы табиғи газ тұтынуда. Соңғы жылдары Қы­зыл­орда қаласын газдандыру қар­қыны күшейіп, 7 аудан орталы­ғының 4-уіне газ жеткізілді.

Мемлекетіміздің жаңа қадам­дары бүкіл қазақстан­дықтарға, еліміздің барша азаматтарына игі әсер етеді. Бұл бастамалардың еліміз тұтас, қоғамымыз тұрақты болса ғана табысты жүзеге асаты­ны барлығымызға зор жауап­кер­шілік жүктейді.

Медет УСАЙН,

Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы