Әлем • 14 Наурыз, 2018

Белгілі физик Стивен Хокинг қайтыс болды

474 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемге танымал ағылшын физик-теоретигі Стивен Хокинг 76 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды ВВС. 

Белгілі физик Стивен Хокинг қайтыс болды

Ғалымның қайтыс болғаны туралы ақпаратты туыстары растады. 

Хокинг - физик-теоретик және космолог. Кэмбридждегі Теоретикалық Космология орталығының негізін қалаған ғалым. Ол 1942 жыл 8 қаңтарда дүниеге келген.

1962 жылы Оксфорд университетін бітіріп, 1966 жылы Кембридж УниверситетініңТринити Хол колледжінде Ph.D дәрежесін алады.

1965 жылдан бастап Кембридж Университетінде жұмыс істеді.

1968—1972 жылдары Теоретикалық астрономия Институтында, 1972—1973 жылдары Астрономия Институтында, 1973—1975 Қолданбалы математика және Теоретикалық физика кафедрасында жұмыс істеді, 1975—1977 жылдары Гравитация теориясынан сабақ берді. 1979 жылдан бері математика профессоры.

1974—1975 Калифорния технологиялық институтында степендиат болған. 1960 жылдардың басында Хокинг амиотрофикалық склероздың алғашқы белгілерін бере бастайды, кейін сал ауруына шалдығады. 

1974 жылы Хокинг Кэмбриджде профессор болды. Бұл қызметте ол 2009 жылға дейін отырды.