Театр • 14 Наурыз, 2018

Семейдегі Абай театры ұжымы оқушылармен кездесті

665 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Семейдің Абай театры – қазақ театр өнерінің бастау алған ортасы. Оған дәлел 1917 жы­лы Мұхтар Әуезовтің бас­шы­­­лығымен Ойқұдық жай­лау­ында қойылған «Еңлік-Кебек» пьесасы. 

Семейдегі Абай театры ұжымы оқушылармен кездесті

Сол Ойқұдықта маздаған шоқ бүгін егеменді елдің өркен­де­ген өнеріне айналып, ұрпақ тәрбиесіне атсалысып келеді. Сексен жылдан астам елге қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан өнер ордасы озық дәстүрлі ортаға айналған.

Қазіргі таңда еліміздің бас­ты бағдары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы болып отырғаны белгілі, – деді театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Мерей Қарт, –  бұл бағдарлама «Атамекен», «Тәрбие және білім», «Рухани қазына» және «Ақпарат толқыны» атты төрт бағытта іске асатын жо­бадан тұратындықтан, біздің театр аталмыш бағдарламаның да­муына және еліміздің рухани-мә­дени дамуына үздіксіз атсалысып келеді. Өз елінің тарихын, мә­дениеті мен әде­биетін меңгеру жас ұрпақты то­лыққанды азамат, жек­е тұлға ре­тінде қалыптастырып, пат­р­и­оттық тәрбие беріп, ой еңбегіне жетелейді.

Елбасы бағдарламасының басты мақсаты рухымызды жаңғырту, ұлттық санамызды қалыптастыру бол­са, театр тура осы бағыттағы тәр­биені беретін орын. Осы тұр­ғы­да театр ұжымы қаламыздың оқу­­шыларымен шығармашылық кез­десу өткізді.

«Театр – болашақ бағдары» атты ашық сабағымыздың мақ­саты – актерлік өнердің қыр-сы­рын үйретіп, өнерге баулу, – дей­ді театртанушы Еңлік Сама­това, – қаладағы №33 мектеп оқу­шылары белсенділік танытып, ак­тер­лерімізбен етене араласып кет­ті. Өнер саласына қызыққан жас­өспірімдер түрлі образдар сомдап, ойларында жүрген сұрақтарын қою арқылы бақтарын сынап көр­ді. Театр әртістері Аяулым Тұрыс­бекова, Әсел Асылбекова, Ақерке Ризабекова, Жантай Тұ­рыс­беков, Мағжан Аразалинов, Жә­нібек Авленов барынша театр өнерін таныстырып, актерлік шеберліктерін көрсетті. Қызықты кездесудің соңы әсем әуенмен жалғасты. 

Раушан Нұғманбек,
журналист

Семей

Суретті түсірген автор