Бокс • 18 Наурыз, 2018

Боксшы Арман Рысбек Аргентинада жеңіске жетті

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Арман Рысбек Буэнос-Айресте өткен жарыста кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Боксшы Арман Рысбек Аргентинада жеңіске жетті

Арман орта салмақта жергілікті былғары қолғап шебері Виктор Леонардо Лотомен рингке шыққан болатын. Жекпе-жек толық 4 раундқа созылды. Бұл қазақстандық боксшының екінші жеңісі.

Айта кетейік,ол осы жылғы ақпан айында алғаш рет кәсіпқой рингке шығып, АҚШ боксшысы Джон Морхаусты жеңген еді.