Аймақтар • 27 Наурыз, 2018

Маңғыстауда мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі – 94,1%

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімдігінде өткен аппараттық жиында айтылды.

Маңғыстауда мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі – 94,1%

Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындыларын облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Гүлзайда Төлеуғалиева баяндады.  Облыстағы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі – 94,1%. Орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі – 50,8 %.  

- Маңғыстау ауданындағы 6 көше және 15 шағынауданға, Түпқараған ауданындағы 1 көшеге, Бейнеу ауданындағы 3 көше және 1 даңғылға облыстық ономастика комиссиясының оң қорытындысы берілді. Сонымен қатар, Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Маңғыстау ауданындағы 1 білім беру мекемесіне атау беру жөніндегі құжаттар ұсынылды», - деді облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Гүлзайда Төлеуғалиева.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар