Сіз қандай ас ішіп жүрсіз?

Жылқының еті мен қымызы бойға қуат беретінін айтып жүз жерден шалқып сөйлесек те, қазір елдің бәрінің бірдей қазы кертіп жеуге, саба-саба қымыз сіміруге шамасы жетпейтіні белгілі. 

Егемен Қазақстан
28.03.2018 383
2

Әсі­­ресе, қалалық жерде төрт түліктің еті­не қолы жете бермейтіндер құс етін қызыл­дауға мәжбүр. Құс етін кемсіткелі отырған ештеңеміз жоқ. «Ауру – астан» деген аксиоманы алға тарта отырып, өнімнің сапасын әңгіме қылмақпыз. 

Құс еті тез бұзылатын және құрамындағы түрлі қоздырғыш бактериялар тез көбейетін болғандықтан, тиісті органдар тарапынан бактериологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштері басқа өнімдерге қарағанда қатаң тексеріледі екен. Анық­талған теріс фактілер де толып жатыр. Ай­талық, сальмонеллез, стафилоктоз қоз­дырғыштары бар, ылғалы шектен тыс мол етті, жарамдылық мерзімі өтіп кеткендіктен қайта таңбаланған жұмыртқаларды сату жиі кездесетін жайтқа айналған. Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінен алынған деректерге көз жүгіртсек, биылғы жылдың екі айында жүргізілген тексеру барысында дүкендер мен базарлардың сөресінде самсап тұрған «Брянский бройлер», «Чебаркульская птица», «Нагайбакский птицеводчес­кий комплекс» сынды кәсіпорындардың мұздатылған құс етінің сальмонелла және ішек таяқшаларымен ластанғаны анық­талыпты. Бұл дегеніңіз адамдардың адал ақ­шасына сатып алған асынан уланып қалуы мүм­кін деген сөз. Құс етінің үнемі қатып тұ­ратыны мәлім, ал мұздатылған өнім шикі астардың ішіндегі ең қауіпті түрі екенін ескеру керек. 

«Буштың сирағынан» бас тартқанымызға біраз болса да, сөренің бәрін отандық өнім жаулап алды десек өтірік айтқан болар едік. Сауда желілеріндегі шетелден келген құс етінің құрамынан фосфаттар түріндегі тағамдық қоспалар жиі табылады екен. Ал еліміздің заңнамасына сәйкес құс етіне оны қосуға тыйым салынған. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин:
– Бұл ерітінділер ағып кетпейді. Құс етін қатырғанда су қосса, ол мұзға айналады, мұздың көлемі суға қарағанда үлкейетіндіктен етті жыртып жібереді де, ерітінді бүкіл өнімге тарайды, – дейді. 

«ФинИнвест», «Приосколье», «Куриное царство Брянск», «Пенза МалИнвест», «Инжавинская птицефабрика», «Витебская бройлерная птицефабрика»... атауын­ айта берсек ауыз талатын шетелдік кәсіп­орындардың құс етінен дайындалған жартылай фабрикаттары таңбалау талаптарына қайшы келетіні белгілі болыпты. Еттің дұрыс таңбалануының да маңызы бар. Тұтыну нарығында заңсыз әзірленген тамақ өнімдерін, оның ішінде ет, май, сүт өнімдерін анықтау халықтың денсаулығын сақтауға бағытталған басты міндеттердің бірі саналады. 

– Тамақ өнімдерінде өндіруші таңбада көрсетпеген компоненттер мен заттардың болуы адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Ондай өнімдер, әсіресе жүрек-қан тамырлары мен эндокринді аурулардың, аллергиялық реакциялардың ушығуына ықпал етуі ықтимал,– дейді бұл туралы Жандарбек Бекшин. 

Құстың еті мен жұмыртқадан басқа өнімдердің де бәрі бірдей тамаша емес. Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің хабарлауынша, биылғы жылдың алғашқы екі айында аталған комитет 79 түрлі сүт өнімін тексеріп, 1227 зерттеу жүргізіпті. Нәтижесінде, 79 түрлі сүт өнімінің 18-інен алынған сынама тиісті талаптарға жа­уап бере алмаған. Жарнамасы жер жаратын франциялық «Президент» сары майы, финляндиялық «Валио» сүті, германиялық «Омира Оберланд» фирмасының өнімдері, Ресей мен Қырғызстанның сүт, май, йогурттарынан да кінәрат табылған. Жосықсыз өндірушілердің тізімі комитеттің сайтына орналастырылыпты.

Бірер жыл бұрын Ресейден келетін «Шадринское» сүтінен ши шыққаны есімізде. Қалбырындағы «Ресей Федерациясының аумағында сатуға арналмаған» деген жазуға байланысты дау туғанда өндірушілер «Жазудан жай ғана қате кетіпті, бұл сүтті өзіміз де ішіп жүрміз» деп ақталып баққан болатын. Алайда таяуда ғана «Сапа» тұ­тынушылар құқын қорғау ұлттық ұйы­мы» қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі Әли­ақпар Мәтішев сараптама нәтижесінде «Ша­дринскоенің» денсаулыққа қауіпті екендігі анықталғанын хабарлады. Ресейлік өнім ғана емес, отандық «Одари» мен «Адалдың» сүттері де оншалықты адал болмай шығыпты. 

Тиісті мекемелер халықтың денсаулығын қолдан келгенше қорғауға жауапты десек те, бірінші жауапкершілік асты тұ­тынушының өзіне байланысты екені тү­сінікті. Дүкен сөрелерінен бұзылған өнімді байқап қалып әлеуметтік желі арқылы елді құлақтандыратын, санитарлық-эпиде­миологиялық органдарға хабар беретін, аза­маттық белсенділігі жоғары адамдарды көріп жүрміз, әрине. Дегенмен тіркеліп жатқан теріс фактілердің де көп екенін ескерсек, ішер ас пен судың сапасына әлі де болса көбірек көңіл бөлу керек сияқты. Өзінің және отбасының денсаулығына алаңдайтын адамдардың басқа амалы жоқ.

Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу