Кино • 30 Наурыз, 2018

Алматыда IX «Бүгінгі француз киносы» кинофестивалі өтеді

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы 12-15 сәуір аралығында Қазақстанда тоғызыншы рет «Бүгінгі француз киносы» кинофестивалі болып өтеді деп күтілуде. Кинофестиваль әдеттегідей көрерменге француз киносының ең үздік маржандарын ұсынып, таңғажайып хикаялар мен француз актерлерінің тамаша ойындарын тамашалауға шақырады.

Алматыда IX «Бүгінгі француз киносы» кинофестивалі өтеді

Биылғы жылдың бағдарламасына кірген фильмдер алуан түрлі жанрларды қамтиды: комедия, мелодрама, экшн және «Қысқа метр» бағдарламасы.

Қазақстандықтар Джонни Холлидей соңғы рөлін сомдаған, Оскар сыйлығының бірнеше мәрте иегері Клод Лелуштың фильмін тамашалайды. Көрнекті актриса Изабель Юппердің қатысуымен де жаңа фильм жүреді. Сонымен қатар Люк Бессон продюсерлік еткен «Такси 5» фильмінің тұсауы кесіледі. Көпшілік күткен фильм әлемдік прокатқа 12 сәуір – фестивальдің Алматыдағы ашылуы күні шығады.

Фестивальға фильмдерді түсіруші француз кинематографистері қатысады.

Фестивальдің ашылуы мен жабылуы, сонымен қатар негізгі көрсетілімдері әдеттегідей UniFrance агенттігі және оның басты әріптестері – Францияның Қазақстандағы елшілігі мен Алматыдағы Француз альянсы ұйымдастырған фестивальдің басты алаңына айналған «Арман» киноорталығында өтеді.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».         

АЛМАТЫ