Күрес • 02 Сәуір, 2018

Ақмолалықтар қазақ күресінен топ жарды

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмолалық балуандар алғаш рет қазақ күресінен Қазақстан чемпионатында топжарды. Екі алтын және күміс медальді иеленген спортшылар осылайша көптен күткен жеңіске жетті. 600 балуан қатысқан Павлодардағы жарыс тартысты өтті.

Ақмолалықтар қазақ күресінен топ жарды

Қазақ күресінен өткен ел бірін­ші­лігінде 2003-2004 жылы туған жас­өс­пірімдер тоғыз категория бойынша күш сынасқанын айта кеткен орынды. Боз­кілем үстіндегі белдесу қара күш ғана емес, айла-тәсілдерді шебер қолдануды да қа­жет ете­ді. Кез келген қателік жеңіліске алып келуі мүмкін. Осындай жағдайда  жауапкершілікті сезінген спорт­шы­лар шалыс баспауға тырысты. Тартысты өткен белдесуде +73 кило салмақта өнер көр­сеткен Целиноград ауданының балу­аны Баухан Дастан чемпион атанды.

Сондай-ақ Ерейментау ауданының спортшысы Ол­жас Еренғайыпов 50 килоға дейінгі сал­мақта белдесіп, қарсыластарын тізе бүк­тірді. Ал күміс осы ауданның тағы бір спорт­шысы, 42 кило салмақта күрескен Айбек Жұмағұловқа бұйырды. Сөйтіп же­ңім­паздар Қазақстан Республикасының спорт шебері кандидаттығына қажетті нор­мативтерді орындады. Нәтижесінде, ақмолалық спортшылар жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынға табан тіреді.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы