Мұғалім мәртебесіз болайын дей ме?

Қазір мұғалімдерге қатысты алуан түрлі әңгімелер айтылудай айтылып келеді. Әлеуметтік желілердегі небір сойқан көріністер жаныңды жаралайды. Мұғалім мен бала арасындағы текетірес тіпті өршіп бара жатқандай.

Егемен Қазақстан
03.04.2018 436

Ақиқатына келсек, мұғалім мәртебесіз болайын дей ме? Біз бұл мәселеде түпкі себебіне үңілмей, салдарын ғана дуылдата беретініміз өкінішті-ақ. Мұғалімнің алдымен мұңын естіп, тұрмысын түзеп алып барып, яғни әлеуметтік жағдайын жан-жақты қарастырып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев берген тапсырмаларды тап-тұйнақтай етіп орындасақ, ұстаз беделі артары сөзсіз. Несін жасырамыз, басты мәселе жалақының төмендігінен болып отыр. Содан келіп мұғалімдердің тұрмысы оңалмай, мұғалімдік қызметке тұрақтамау орын алуда. Мұны халық қалаулылары да, былайғы жұрт та айтып келеді. Кадр тұрақсыздығы неден деген сұрақтың статистикасын ұлттық деңгейде зерттеп-зерделей алдық па? Бұл да ойлануды қажет етеді. Мәселен, жас маман арман жетегінде мектепке барды делік, заң талабына сай берілетін жүктеме қазір 16 сағат көлемінде. Оған төленетін жалақы – 50 мың теңге. Қалалы жерде бала көп, артық сағат алуына болар. Ішкі көші-қонның салдарынан бала саны жыл сайын азайып бара жатқан ауылда 16 сағат та кейде арманға айналып тұр. Әлгі 50 мың теңгенің ішіне сыныпқа жетекшілік, дәптер тексеру де кіретінін еске сала кетелік. Мұндай жағдайда білім ұяларында кадр тұрақтай ма, мұғалім беделі арта ма? Екі құрбы химия пәні бойынша жоғары білім алған. Мектепке қол ұстасып барған. Бірінің жағдайы бар – пәтер жалдамайды, екіншісінде ондай мүмкіндік жоқ. Содан ол жоғары білімді ысырып қойып, қысқа курстан өтіп, сән-салонына жұмысқа тұрған. Ендігі жердегі еңбекақысы 150 мың мен 350 мың арасында екен. Тағы бір мәселе, мектепте қалған жас маман талпынып, екінші деңгейге көтерілгенде алатын ресми айлығы 60 мың теңгені ғана құрайды. Бұл айлықпен қымбатшылық қысып тұрған кезде алаңсыз өмір сүре ала ма? Соңғы жылдары түрлі реформалар мұғалімдерді сансыратумен келеді. Біріне төселіп келе жатқанда, екіншісі басталады. Сол реформаны бастар тұста білім орындарының базалық қуаты, мұғалімдердің дайындығы, бала қабілеті, техникалық құралдар ескеріле бермейтіні қынжылтады. Ондай кезде қағаздағы ақпараттың төрт құбыласы түгел, соған сенеді. Айталық, керемет мектептердегідей жағдай жасалмаса да, сөз жүзінде айтылып жатқан көп «жетістіктер» нәтижесі саралана бермейтіні де ақиқат. Мысалы, әр оқушыға жеке шкаф қойылады деген министрдің өткен жылғы уәдесі әлі күнге өз нәтижесін бере қоймады. Төрт пәнді ағылшын тілінде оқыту дұрыс болғанмен, оған қажет маман мәселесі де көптің көкейіндегі күдік болып тұр. Бұған қоса, 2019 жылы жүзеге асырылады деген нөлінші сынып 2020 жылға ауыстырылып отыр. Министрдің тағы бір жақсы бастамасы мұғалімдерді ешкім орынсыз жұмысқа тартпау жөніндегі бұйрығы дер едік. Оны жергілікті жер, қаржы беріп отырғандар орындай ма? Әркім өз тірлігімен айналысып жатқан нарық заманында, мемлекет қаржыландырып отырған мұғалімдерден басқа жүгіретін «қолбала» табыла қояр ма екен? Мұндай кезде мұғалім өз құқығын қорғауға қанша жерден ұмтылғанымен, әкімдіктерге бағынатын директорлар ұстаздар жағына шығуы екіталай-ау.

Рас, білім берудің жаһандық үлгісінен қалуға болмайды. Барды місе тұтып отыра бермей, жоғын іздеген жұрт озатынын өмір көрсетіп отыр. Дегенмен еліміздің тірлік-тынысына қарай, оның бұрысы мен дұрысын тап басып енгізсек, ұтылмас едік. Көп нәрсе тұспалды істен болып жатқандай. Жаңа істі бастар алдында ауыл мен қала мектептерін тиісті мекемелер зерттесе, бар-жоғын түгендесе, ғылыми негізін қарастырса, қапы қалмасымыз анық. Қалай десек те оқу саласындағы түйткілдер ұлттық білімді ұйыққа батырмаса да, тұйыққа алып бармас па екен деген жайды халық қалаулылары мен зиялы қауым айтудай айтып келеді. Оқулықтардағы олқылықтар да біраз жұрттың жүйкесін жұқартуда. Осы жылдың басынан бастап жаңартылған бағдарлама бойынша оқытып жатқан мұғалімдердің біліктілігіне қарай жалақыны 30-50 пайызға көтеру міндеттелген екен. Бұл да толық шешімін таппай отыр. Жаңа оқу жылынан бастап талапқа сай жүздеген мұғалім ұлттық біліктілік тестінен өтетін көрінеді. Онда 100 болады екен. Иә, мұндай сынақ керек. Бірақ жүз сұрақ мұғалімнің тағдырын шеше ала ма? Әлде әлгі 100 сұрақ мұғалім біліксіз, білімсіз екен деген сөздерге арқау болып шыға ма? Ұстаз білімін тест емес, шәкіртінің ой-өресімен өлшеуді де естен шығармағанымыз жөн.

Мұғалім беделі ұлт беделі десек, ұтылмас едік. Осыған жеткізбесек, ата-аналардан сөз естіген, бай-бағлан балаларының алдында именшектеген, қысқа жіпті күрмеуге келтіре алмай жүрген мұғалім абыройы биіктей қоймас. Әрине мұғалімдердің бәрі бірдей сайыпқыран дей алмаймыз, мұның да астарын зерделеу керек. Тағы бір ортаға салар ойымыз – ұрпақ үшін мұғалім беделі туралы заң қабылданса, онда ата-ана – бала – мұғалім, жоғары оқу орындарына кімдер қабылдана алады – бәрі сараланса артық болмас еді.

Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.08.2018

Тілектес Есполов: «Ақтастағы Ахико» қойылымы көзімізге жас үйірді

16.08.2018

Қыздар Университетінде «Рухани жаңғыру» аясында жаңа пәндер енгізілді

16.08.2018

Инсультке иілмеу жолдары қаралуда

16.08.2018

Астаналық дәрігерлер ауылдарды аралады

16.08.2018

Алматыда науқас балаларға арналған ойын бөлмесі ашылады

16.08.2018

IX жазғы Спартакиада өз мәресіне жетті

16.08.2018

«Method PRO» жастарға жол ашады

16.08.2018

Солтүстік Қазақстанда науқас жандар тегін дәріге қол жеткізе алмай жүр

16.08.2018

Ресми бөлім (16.08.2018)

16.08.2018

Ақтау саммитінің қорытындылары бойынша Қайрат Әбдірахманов түсініктеме берді

16.08.2018

Қайрат Әбдірахманов Түркі академиясының қызметімен танысты

16.08.2018

Роботтандырылған хирургия – медицина мәртебесі

16.08.2018

Канаданың хоккейшісі «Барыста» ойнайды

16.08.2018

Азияда-2018: Бүгін Джакартада Қазақстанның байрағы көтеріледі

16.08.2018

Қарағанды облысында катодты мыс өндіретін кәсіпорын іске қосылды

16.08.2018

5G белесі: Қазақстан жаңа интернет жылдамдығына дайын ба?

16.08.2018

Ақтөбедегі вокзал маңы маскүнемдер мен қаңғыбастарға толы

16.08.2018

Семейде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мерекелік жиын өтті

16.08.2018

Қарқаралы ауданы Қоянды жәрмеңкесінің 170 жылдығын атап өтті

16.08.2018

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(1)

Шындық (04.04.2018 00:47:50)

Иә, дұрыс айтасыз . Алайда ұстаздарды тестпен тексеру деген ақылға қонымсыз , осы кереметтердің бәрі ұстаз арқылы жақсы дәрежеге жетіп отыр емес пе? Түсінбеймін ұстаз беделін өздері түсіріп отыр, бәрі жалған, ашықтан ашық жемқорлық жасап отырған өздері! Тоқтатыңыздар ұстаздарды сынға алғанды! Қосатын қаржыны жырламай қосыңыздар, жалған уәде беруден шаршаған жоқсыздар ма? Депутат айлығы өсу керек еді ,дер кезінде өсе қалды, ешбір тест тапсырмай, мұғалім мәртебесі сөз болса есептей қаласыздар! Сол депутат сымақтарың ұстаздан білім алмады ма?! Мәселе ақшада болмау керек балаға білі беру, сол үшін отініш жалған құжат, жалған ақпар, жалған интернеттік олипиада мен интеллектуалды ойындарды оңай жолмен жіберіп оқушыны қанағанша ертедегідей журнал толтырып сабақ берейікші.

Пікір қосу