Аймақтар • 04 Сәуір, 2018

«Түнгі Семей – тыныш қала» атты алдын алу шарасы өтті

501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің ішкі сая­сат басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Есімбекова және орталықтың Семей қаласындағы бөлімінің басшысы Олжас Соғымбай, қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері, еріктілер мен тәртіп сақшылары «Түнгі Семей – тыныш қала» атты алдын алу шарасын өткізді.

«Түнгі Семей – тыныш қала» атты алдын алу шарасы өтті

– Өкінішке қарай, Қа­зақ­стандағы рухани ор­да, Алаш қаласы сана­латын Семейде жасы кә­ме­летке жетпеген қазақ жас­тарының түнгі клубтар мен ойын орталықтарында бо­луы көңілге кірбің ұя­лат­ты, – деді облыстық Жас­тар ресурстық ор­талы­ғының директоры Арайлым Есімбекова, – Ұйқыларын қандыратын мезгілде түнгі сауық алаң­дарында жүр. Әрине, жас­тарымызға ел болып алаң­даймыз. Бұл шараны Се­мейден бастап отырмыз, ен­ді Өскемен қаласында да жал­ғас­тырамыз. Кәмелет жасқа толмаған, бірақ, қор-қор, ішімдік, темекімен ұсталған жастардың ата-аналарын жауапкершілікке тартамыз.

Арайлым Есімбекова­ның айтуынша, көпте­ген түнгі ойын-сауық­ ор­та­­лықтары есіктері­нің­ сыртына ескерту тақтайшаларын іл­ме­ген екен. Алдағы уа­қыт­та Семейдегі уни­вер­ситеттердің заң ма­ман­ды­ғына оқитын студенттер кезекшілікке шы­ғып, кә­мелетке толма­ған жас­тардың түнгі уа­қыт­тағы мі­нез-құлқын қада­ғалауға ат­салысатын бол­мақ.

Раушан НҰҒМАНБЕК,

Семей