Қазақстан • 09 Сәуір, 2018

Қарағандылықтар енді ала жаздай хоккей ойнап, коньки тебеді

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көктем келіп, айнала ағыл-тегіл еріп жатқанда, Қарағандыда мұз қатыры­лып, шыбын тайып жығы­лар айдын пайда болды.

Қарағандылықтар енді ала жаздай хоккей ойнап, коньки тебеді

Кеншілер астанасында жаңа­дан бой көтерген бұл спорт ныса­нында енді хоккейшілер ала жаз­дай шайба қуып, мәнерлеп сыр­ғанаушылар мұз үстінде би билеп, былайғы жұрт аяғына коньки байлап, сырғанақ тебетін болды.

Мамандар аталған мұз айдыны балалар мен әуесқой хоккей клубтары үшін хоккей ойынын қолжетімді етіп, өңірде спорттың осы түрінің кеңінен етек жаюына игі әсерін тигізеді деп сеніммен айтып отыр. Бұдан бөлек, спорт нысаны мұзда мәнерлеп сырғанау және шорт-трек сынды спорт түрлерімен де айналысуға мол мүмкіндік береді.

«Досжан» спорт сарайының ашылу салтанатында айдын­ға балғын мәнерлеп сырғанау­шылар шығып, жаңадан құйыл­ған көк мұз үстінде алғаш­қылардың бірі болып өнер көрсетті.

Спорт сарайындағы мұзды құю, оның үстін тазалау жұ­мыс­тарын электр двигателді экологиялық комбайн атқаратын болады.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ