Бізге де бір Комаровский керек еді

Іш ауырса да, тіс ауырса да жұрт жапа-тармағай кеңес сұрайтын, айтқан­дарын бұлжытпай орындайтын бір әмбе­бап маман бар Комаровский деген. Балалары түшкіріп-пысқырып, температурасы сәл көтерілсе аналарының жалма-жан ғаламторға үңіліп, әлгі әйдік медицина маманының ақыл-кеңесін оқып жататынына өзіміз де куә болып жүрміз.

Егемен Қазақстан
16.04.2018 212
2

Денсаулыққа қатысты ақыл-кеңестеріне жалпақ жұрт құдайдай сенетіндей Кома­ровский деген кім екенін білуге тырысқанбыз. Өз ісін терең білетін кәсіби маман, педиатр, украиналық жоғары категориялы дәрі­гер екен. Емдеймін деп елді алдап, алаяқ­тықпен ақша тауып жүргендерге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын білікті маман көрінеді. Балалар ауруханасында талай жыл еңбек еткен, түрлі қызмет сатысынан өткен, бірнеше ғылыми еңбектің авторы. «Клиник» деп аталатын жеке балалар клиникасы да бар. Оншақты жыл бұрын ашылған «Доктор Комаровскийдің мектебі» деген медициналық бағыттағы телебағдарлама жүргізушісінің көрермендер арасында кеңінен танылғаны соншалық, бағдарлама бірнеше жылдың ішінде Украинаның ғана емес, Ресей, Беларусь, Молдова телеарналарын жаулапты. Ол аз десеңіз, Канада, Германия, Израиль сынды елдердегі орыс тілді арналардан көрсетіледі. «Доктор Комаровскийден сұраңыз», «Микстура-шоу» деген де бағдарламалары бар.

Комаровскийдің бала денсаулығына, тәрбиесіне қатысты айтқандары қанатты сөзге айналып, халық арасында кеңінен таралып кетіпті. «Бақытты бала – денсаулығы жақсы бала, оның жақсы оқуы мен скрипка тарта алуы екінші кезекте», «Бала үшін шетелдегі курорттан – ауылда жалаңаяқ жүгіріп, күнге күйген артық» деген сынды сөздері де қолайымызға жаға кеткенін жасырмаймыз.

Украиналық педиатрды не үшін сонша әспеттеп отыр дерсіз. Жақында жур­налистік жұмысымыздың барысымен бір топ әріптесіміздің қатарында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қабыл­дауында болған едік. Е.Біртанов осы кездесуде министрлік тарапынан қолға алған жұмыстардың біразын ортаға сала келіп, қоғамда саламатты өмір салтына үйретуге күш салынып жатқанына көбірек тоқталды. Қазіргі таңда медицина саласына бөлінетін қаражаттың 14 пайызы профилактикалық жұмыстарға жұмсалады екен. Саламатты өмір салтының қыр-сырын қоғамға егжей-тегжейлі түсіндіріп отыру халықтың денсаулығын жақсартуға ықпал ететін бірден-бір жол екені әлдеқашан дәлелденген. Өкінішке қарай, біз­дің елімізде неше түрлі шоу-бағдарламалар көп болғанымен, медициналық бағыттағы бағ­дарламалардың аз екені, халық жаппай құлақ асатын медицина маманы әрі медиа­тұлға жоқ екені де осы жиында ортаға салынды.

Шынында да, республикалық телеарналарда «Денсаулық», «Бірінші байлық», «Ұлт саулығы» сынды бағдарламалар болғанымен, олардың танымалдық деңгейі аса жоғары емес екені рас. «Қазақстан» арнасындағы «Шипагер» бағдарламасы тіл ұшына оралып тұр. Алайда, эфирге аптасына бір-ақ мәрте шығатын 20 минуттық бағдарлама аздық ететіні түсінікті. Ал көрермен жазбай танитын, айтқан ақыл-кеңесін тұрақты түрде тыңдайтын кәсіби медицина маманы әрі тележұлдыз атанған адам Қазақстанда болған емес.

Танымдық бағдарламалардың арасында денсаулық сақтау туралы 10-15 минут айтылып, бірер сюжет көрсетілетіні болмаса, көрермендер асыға күтіп, үздіксіз хабарласып жататын бағдарлама есімізге түспеді. Қазір­гідей дәрі-дәрмектің бағасы аспандап, емделу құны қымбаттап бара жатқан кезеңде біздің халық «денсаулықтың – бірінші байлық» екенін жақсы түсініп отыр. Мәселе олардың қызықты әрі пайдалы ақпараттарға деген сұранысын жеткілікті деңгейде өтей алмай отырғанымызбен байланысты.

Енді басқа елдердің мысалына көз жүгіртіп көрейік. Мәселен, Ресейде медициналық бағыттағы телебағдарламаларды айтпағанда, «Здоровье», «Первый медицинский канал» сынды жеке телеарналар бар. Ол аз болғандай өткен жылы «Доктор» деген жаңа арнаның тұсауы тағы кесіліпті. Аталған арналарда танымал медицина мамандары денсаулық сақтауға қатысты түрлі салаларды қамтитын бағдарламаларды жүргізеді. «Медиктер» эфирде науқастарды емдеудің жолдарын көрнекі мысалдар арқылы көрсетіп, керек болса жеңіл-желпі операция да жасайды. Көрермендердің олардың айтқандарына шүбәсіз сенетіні сол.

Исі қазаққа танымал медицина мамандары біздің елде де аз емес. Олар туралы айтқанда Тағамтану академиясының президенті, академик Төрегелді Шармановтың есімі тіл ұшына бірінші болып оралады. Ақсақал жасы тоқсанды алқымдаса да салиқалы сұхбаттарымен, шымыр тұлғасымен-ақ саламатты өмір сүрудің жарқын үлгісіндей көрінері хақ. Әйгілі академик, елімізде балалар хирургиясының іргетасын қалаған тұлға, халық алтын қолды адам деп ардақтайтын Камал Ормантаев та осы қатарда. Ендігі кезекте білікті дәрігерлердің арасынан халыққа танымал медиа-тұлғалар қалыптасып, денсаулық сақтаудың қыр-сыры туралы телебағдарламаларды көбейту керек сыңайлы. Дәрігер мен пациенттің арасында тартымды диалог орнатуда, саламатты өмір салтын насихаттауда телевизияның рөлін сол арқылы күшейтуге болар еді.

Арнұр АСҚАР,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.12.2018

Самал Еслямова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды

14.12.2018

1991 жылдан бері қазақ жерінде 8,7 миллион сәби дүниеге келді

14.12.2018

Бурабайда «Қансонар-2018» халықаралық турнирі өткізілді

14.12.2018

Еуропа лигасы: плей-оффқа шыққан 16 команда анықталды

14.12.2018

Азаттықты айшықтаған аламан

14.12.2018

Президентке жасалған тартулар

14.12.2018

Батыс Қазақстанда жер қатынастары қызметі электронды форматқа көшті

14.12.2018

«Балуан Шолақ» көрерменімен қауышады

14.12.2018

Мемлекеттік марапаттарға ие болды

14.12.2018

Отырарда Шәмші Қалдаяқов атындағы саябақ пен ескерткіш ашылды

14.12.2018

Қарағанды облысының «Жыл мұғалімі» белгілі болды

14.12.2018

Бүркітшілер олжалы оралды

14.12.2018

Азат елдің бағы да жоғары

14.12.2018

Көк ту рухымызды көтерді

14.12.2018

Мерекеге орай құттықтаулар

14.12.2018

Әл-Айннан олжалы оралды

14.12.2018

Ғасырлар бойы армандаған азаттық

14.12.2018

«Куньлунь РС» клубынан басым түсті

14.12.2018

Оралда «Жаһанша оқулары» өтті

14.12.2018

Әнұранды асқақтатқан саңлақтар

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу