Жаны ауырғанның жанын ұқсақ қой

Адам үшін денсаулықтан артық не бар?! Басың ауырып, балтырың сыздаған күні қу жаның қуырдақ болады. Емханаға барасың. Мөнді-мөнді болып дәрігердің алдында отырасың. Кейде сол дәрігерге жетудің өзі мұң.

Егемен Қазақстан
18.04.2018 37
2

Тұрғылықты жеріңе бөлінген емдеуші дәрігерің болмай қалса бір-біріне сілтейді. Қазір шағын отбасылық емханалар шықты. Емханалардың көбінде учаскелік дәрігерден өзге салалық мамандар, құрал-жабдықтар кемшін екенін несін жасырамыз. Алдымен ана жерден, мына жерден аласың деп, өкіртіп дәрі жазып береді. Анализді өткізсең – ол да басқа жақта тексеріледі. Аппаратқа түсу керек болса, қолыңа бір жапырақ қағаз ұстатып, түген емханаға бар дейді. Сонда барасың, қайтып келесің.

Жақында жақынымыздың қан қысымы көтеріліп, отбасылық дәрігерлік амбулатория­сына (ЖШС) бардық. Учаскелік дәрігер тек­серд­і. Салалық маман қажет болып, келісім бар өзге емханалармен сөйлесті. Астанадағы №6 көп­салалы емхана кардиологына барып тек­серілу үшін қолымызға жолдама ұстатты. Еңселі ғимараттың табалдырығын аттап кардио­лог дәрігердің бөлмесіне барсақ, медбике жұмыс уақыты аяқталып, кетіп қалғанын айтты. ЖШС-дағылар тіркеу бөліміне хабарласқанда, жұмыс істеп жатқанын айтқан еді. «Бұл қалай?» дегенімізде, медбике оны тіркеу бөлімінен білуді еске салды. Ондағылар кестеге қарап кар­дио­лог дәрігер 16.30-ға дейін жұмыс істей­ті­нін алға тартты. Осы аралықта ЖШС-ға хабар­­лас­қанымызда, олар да осыны қуаттады. Кейін тіркеу бөліміндегі қыз дәрігердің 15.00-ге дейін істейтінін тілге тиек етіп, алғашқы сөзі­нен жалтарып шыға келді. «Сонда кімге сене­міз?» дейміз. «Немене, шу шығарайын деп тұр­­сыз­дар ма?» деп қойып қалды. Қолдағы жол­­да­­ма­ны бай­қаған соң, «Мұндай қағазбен қа­­был­­дау мәселесін дәрігердің өзі шешеді» деді. 

Жаны мен тәні ауырған адам емханаға шу шығару үшін емес, шипа алу үшін келетіні белгілі. Несін жасырамыз, соңғы кезде емханалардағы ақ халаттылардың көп жағдайда селқостық танытатыны ойлантады. Учаскелік дәрігер кардиологтың қорытындысынсыз кей дәрілерді бере алмайтынын айтқан еді. Өзге кардиологтың бар-жоғын сұрастырсақ, болмай шықты. Бар кардиологтың өзі талонмен қабылдайтынын естіген соң, талон береді деген есікті қағайық. 

Ондағы отырған азаматша иманжүзді болып шықты. Он күнсіз талонның болмайтынын айтып, біраз мәселелермен бөлісті. Айталық, жеке амбулаторияларға да талон бөлінеді екен. Бірақ оны дер кезінде алу жағы кемшін көрінеді. Осыдан сырқаттар зардап шегетінін жасырмады. Бұл «реформаның» жұртты сабылтып қойғанына өкініш білдір­ді. Емханадағы азаматтарды тұратын жерін­дегі жеке амбулаторияға жіберудің арғы жағын­да үлкен емханалардағы кезекті азайту тұрға­нын да бүгіп қалмады. ЖШС-дан бұрын тіркел­ген іргелі емханаға қайта оралу жайын қозғаға­ны­мызда, оның да талабы бар екенін алға тартты. 

Жалпы, жеке амбулаториялар қажет шығар. Бірақ мекеменің бәрі салалық мамандармен толық қамтамасыз етілмей отырғаны рас. Ондай маманға қол жеткізгенге дейін сырқат адамның денсаулығы нашарлай берсе, тіпті кейін оның аяғы залалға соқтырса қалай болады деген күдігімізге ақ халатты абзал жандар «Жедел жәрдем бар емес пе?» деп төте жол көрсетті. Сол арқылы жатып ем алуға болады екен. Кейде олардың да қашқақтайтыны бар. Бұл «Көнсең осы, көнбесең ақылыға бар дегенді» меңзеп тұр ма деген ойға батасың. Жаныңа сырқат батқанда дәрігерлермен айтыс-тартысқа түспей қоймайсың. Сондай кезде олардың да жүйкесі жұқарғандықтан шығар, қарсы уәждерін білдіріп, айлықтарының аздығын айтып, мұңдарын шағады. Осы жерге келгенде олармен тіресе берудің жөні жоқ екенін ұғасың.

Қай емханаға барсаң да қабағы түсіп, бұл не сұмдық деп жүрген үлкен-кішіні, бала арқалаған ананы көресің. Тексеріліп, ем алуды әрдайым есіне салып отыратын емханаға тіркелген шенді мен шенеуніктер қарапайым жұрт қаралатын, қарбаласы көп орындарға, алдын ала ескертпей, Аяз би секілді бас сұқса ғой, шіркін. Сонда былайғы халықтың халінен хабардар болар еді. Тіпті жоғарыдан басталған реформалардың «жемісі» осы ма дейтініне иманымыз кәміл. 

Дәрі де қымбаттап барады. Ресми дерекке сүйенсек, кейбір созылмалы сырқаттар қолданып жүрген дәрі 20 пайызға өскен. Бір ақиқат, дәріге қатысты даудың арғы жағында – уақтылы өтпейтін тендердің жатқаны дер едік. Мұндай жүйесіздікті дұрыс жолға қоятын уақыт жетті. Енді емхана мен ауруханаға бас дәрігермен қатар, менеджер керек деген мәселе қозғалу үстінде. Бұл құптауға тұрады. Әлемдік үрдіс екені де дау туғызбайды. Бірақ оған жеткенге дейін халық денсаулығын бақылаудағы оралымсыздық, дайындықсыз тұрғындарды жеке амбулаторияларға ысыра салу ертең өкіндіріп жүрмей ме? Иә, жекешелендіру капиталистік қоғамның даму заңы дейік. Бірақ сол қоғамның тұғыры – халық екені ақиқат. Ендеше бұл саладағы сөз бен істің алшақтығын ашық айтып, халықты сабылтпай емдеу ісін бір арнаға салатын кез жеткен тәрізді. Әлде реформа реттелгенше, халыққа ауырмай жүре тұрыңдар дейміз бе? Қалай десек те, жаны ауырған жанның жанын түсінгенге не жетсін. Оны басынан өткендер ғана ұқса керек. Өзгелер де түсініп, түйсінсе, ұрпаққа жасалған жақсылық болар еді.

Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.10.2018

Брексит: келісімге қол жетпеді

15.10.2018

Геннадий Шиповских: Мұғалім мәртебесін асқақтату еліміз үшін аса маңызды (ВИДЕО)

15.10.2018

Сенаторлар Атырау қалалық Бизнес және құқық колледжінде кездесу өткізді

15.10.2018

Станимир Стоилов: Әлеуетін толық көрсете алмай жүрген футболшылар бар

15.10.2018

Павлодарда құрылысы ұзаққа созылған 25 нысан анықталды

15.10.2018

Елбасы жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

15.10.2018

Қыздар университеті «Туған жерге тағзым» жобасын жүзеге асыруға кірісті

15.10.2018

«Ұстаз мәртебесі туралы» заңды әзірлеуге салалық кәсіподақ белсенді түрде атсалысады

15.10.2018

Өзбекстанда импорт өсіп, экспорт көрсеткіші төмендеді

15.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады

15.10.2018

Мұратхан Шүкеев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

15.10.2018

Теннисшілердің әлемдік рейтингі жаңартылды

15.10.2018

Ұшқындағы үшем

15.10.2018

Армения әскері Таулы Қарабаққа қатысты атысты тоқтату режимін бұзды

15.10.2018

Жан тебіренісінен туған картиналар

15.10.2018

Ел анасы жайлы еңбек

15.10.2018

Боксшы Сабыржан Бекбергенов Минскіде топ жарды

15.10.2018

«Жебе тартқан сөз бен жыр қосынынан...»

15.10.2018

Мегаполис медицинасын алға жетелейтін орталық

15.10.2018

Өмір сыйлар Azurion

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

О́mir kúzetindegi meıirim

Otbasylyq jáne jeke basynyń jaǵdaıyna baılanysty Germanıadaǵy oqýynan eriksiz qol úzip, týǵan jerge oralǵan Ǵabıt Nurhanuly esimdi azamattyń feısbýktegi jazbasy kóńilge túrli oı saldy. Elimizdegi densaýlyq saqtaý salasyndaǵy kóptegen túıtkildi synaǵan avtor nemis halqynan kóp nárseni úırenýimiz kerek deıdi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Týrızmdi damytý qonaqjaılyqtan bastalady

Tetigin tapqan elder týrızm salasyn sarqylmaıtyn tabys kózine aınaldyryp alǵan. Qyzyǵa qarap otyrsaq, bul saladan qyrýar qarajat túsetinin aıtpaǵanda, kóptegen jumys orny ashylyp,  eldiń tórtkúl álemge jaqsy aty shyǵyp jatady eken.  Al kez kelgen qonaqtyń kóńilin tabýǵa eń birinshi ashyq-jarqyn qabaǵyń, odan keıin dámdi tamaǵyń kerek ekeni álmısaqtan belgili aksıoma emes pe.  

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу