Аймақтар • 27 Сәуір, 2018

Атырауда Румынияның Құрметті консулдығы ашылады

356 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті  елшісі Чезар Маноле Армяну бастаған делегация Атырау облысына келді, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Атырауда Румынияның Құрметті консулдығы ашылады

Румыниядан келген делегациямен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Сағындық Лұқпанов кездесті. Шетелдік қонақтардың келудегі басты мақсаты - екі ел арасындағы тығыз іскерлік және сауда-экономикалық ынтымақтастық орнату.

Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті  елшісі Чезар Маноле Армянудың айтуынша, Қазақстан мен Румынияны ұзақ мерзімді сауда қатынастары байланыстырады.

- Атырау облысымен ынтымақтастық сандармен ерекшеленеді - біздің елдеріміздің арасындағы тауар айналымы жыл сайын артып келеді, сонымен қатар, мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық да дами түсті. Мысалы, Атырау облысынан Еуропаға экспортталатын мұнай Румынияға келеді, онда ол екі мұнай өңдеу зауытында өңделеді,- дейді  Чезар Маноле Армяну.

Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті  елшісінің айтуынша, шетелдік қонақтар Қазақстанмен әртүрлі салада -  ауыл шаруашылығында, білім саласында,  IT  технологиялары саласында серіктестік орнатқысы келеді.

-Өңірге келу барысында екі келісім-шартқа қол қойғымыз келеді –бірі Атырау мұнай және газ университетімен мұнай-газ саласындағы білім бағыртындағы жобаларға,  екіншісі - Прахов қаласы Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында. Сондай-ақ, Атырауда Румынияның құрметті консулдығын ашқымыз келеді, - дейді шетелдік делегация басшысы.

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Сағындық  Лұқпанов румындық делегацияның бастамасын қолдайтынын айтып, барлық бастамаларға сәттілік тіледі.

- Бүгін бізді Атырау облысының бизнес қауымдастығымен, Атырау мұнай және газ университетінің ректорымен, Атырау облысының  ҰКП өкілдерімен кездесу күтуде,  өзге де бастамаларыңыз қолдау табатынына сенімдімін », - деді Сағындық Лұқпанов.