Жанат Құрманов: «Қор нарығының рөлі жоғары болуға тиіс»

«Халықтық IPO» бағдарламасын жаңарту және зейнетақы активтерін жеке басқарушы компаниялар арқылы нарықта жаңа институттық инвесторлардың пайда болуы Қазақстандағы қор нарығын жандандыру үшін серпін беруі мүмкін. «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Жанат ҚҰРМАНОВ хабарлағандай, реттеуші бірқатар заңнамалық бастаманы ұсынып отыр, оларды іске асыру бағалы қағаздар нарығының одан әрі дамуына ықпал ететін болады.

Егемен Қазақстан
30.04.2018 17799
2

– Жанат Бостанұлы, Мем­лекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында инвес­тициялық ахуалдың одан әрі жақсаруының және қор нарығы дамуының маңыздылығын атап өтті. Сіз қазіргі уақытта қор нары­ғының жай-күйін қалай бағалайсыз?

– Қор нарығы ел экономикасында маңызды рөл атқара отырып, инвесторлардан Қазақстан экономикасының түрлі секторларында қызметін жүзеге асыратын эмитенттерге капиталды қайта бөлуді қамтамасыз етеді. Бүгінгі күні қор нарығының ин­фра­құ­рылымы тұтастай алғанда халықаралық талаптарға толы­ғымен сәйкес келеді. Қор биржасы, орталық депозитарий, бірыңғай тіркеуші және клирингтік ұйым сияқ­ты нарықтың жұмысын қамтамасыз ететін барлық қажетті институттар құрылып, табысты жұмыс істеуде. Инвесторларды бағалы қағаздар нарығына тарту мақсатында инвесторлардың қор биржасындағы акциялармен және облигациялармен мәмілелерді жасау кезінде алынған кірістерін босататын түрлі салықтық жеңіл­діктер, сондай-ақ дивидендтер және бағалы қағаздар бойынша өзге де сыйақы көзделген. Қор нарығында институттық инвес­торлар белсенділігі жетіс­пеген жа­ғдайларда бөлшек ин­вес­торларға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, жаңа технологиялық шешімдер, серпінді сәйкестендіру құралдары және қашықтан қызмет көрсету жүйелері арқылы бөлшек инвесторлардың қор нарығына кіруі айтарлықтай жеңілдетілді. Оңтайлы сыртқы экономикалық конъюнктура аясында қабылданған шаралар биржа нарығының көрсеткіштерін едәуір жақсартуға мүмкіндік берді. 2018 жылғы 1 сәуірде 2017 жылдың осы күнімен салыстырғанда акциялар нарығын және KASE борыштық бағалы қағаздарын капиталдандыру 21,1%-ға ұлғайып, 27,2 трлн теңге болды.

KASE-де бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жандануы байқа­лады. 2017 жылы сауда-саттық көлемі 3,5 трлн теңге болды және 2016 жылмен салыстырғанда 2,7 есе ұлғайды. Бұл ретте мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы (3,6 есе) және корпоративтік облигациялар нарығы (2,3 есе) барынша өсуді көрсетті.

– Қандай факторлар оның барынша тиімді жұмыс істеуіне кедер­гі келтіреді? Мысалы, мем­лекеттік емес бағалы қағаздар секторында инвестициялау үшін сенімді және өтімді құралдардың жетіспеуі проблемасын шешу қалай жоспарлануда?

– Қор нарығын дамытудағы айтарлықтай прогреске қара­мастан, бүгінгі күні бағалы қағаз­дар нарығының толыққанды жұ­мыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында шешімді талап ететін бірқатар мәселелер қалу­да. Бағалы қағаздардың отандық нарығының негізгі проблемалары оның төмен өтімділігі, инвесторлардың жеткіліксіз қаржылық сауаттылығы, эмитенттер үшін салықтық және өзге де пәрменді ынталандырудың болмауы және соның салдарынан қазақстандық компанияларды бағалы қағаздар нарығы арқылы капитал тартуға төмен ынталандыру болып табылады.

Бұдан басқа, жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары кеткеннен кейін қор нарығында белсенділіктің күрт құлдырауы байқалды, оның әсері әлі күнге дейін сезілуде. Сондықтан қазіргі кезде нарыққа жаңа институттық ойыншылардың шығу мәселесі күн тәртібінде тұр. Ұлттық банктің зейнетақы активтерін салымшының таңдауы негізінде жеке қазақстандық бас­қарушы компанияларға беру бойынша ұсыныстары қабылданған жағдайда, бұл іске асырылуы мүмкін. Жағымсыз факторлардың қатарына сондай-ақ «Халықтық IPO» бағдарламасының шеңбе­рінде Қазақстан қор биржасында халық арасында акцияларды орналастыруды тоқтата тұруды жатқызуға болады.

–  Сіз Қазақстанның қор нары­ғында белсенділіктің төмендеуін айқындаған факторлардың бірі на­рықтан жеке ЖЗҚ арқы­лы көптеген институттық ин­весторлардың кетуі болғанын атап өттіңіз. Сонымен бірге бұл про­блеманы шешкен кезде олар­дың нарықтан кетуіне әкел­ген фак­торларды ескеру қажет шы­ғар?

– Иә, шынында да, қор нары­ғында инвестициялық процестер белсенділігі төмендеуінің және оның өтімділігінің негізгі фак­торларының бірі нарықтан жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін басқарушылар арқылы институт­тық инвесторлардың негізгі класының кетуі болды, олар қазақ­стандық эмитенттердің корпо­ративтік бағалы қағаздарына сұра­нысты қалыптастырып, оны ұстап тұрды. Зейнетақы активтерін жеке басқарушылар институтын қалпына келтіру қажеттілігі айқын, бұл қор нарығын жандандыруға қажетті нарықтық бәсекелес ортаны құрады. Алайда бұл жағдайды іске асырған кезде зейнетақы активтерінің кірістілігін жоғалтуға әкелген зейнетақы қорларын реттеудің кемшіліктерін ескерген жөн, бұл жеке зейнетақы қорларының БЖЗҚ-ға бірігуінің бір себебі болды.

Жеке басқарушы компания­лар арқылы институттық инвес­торлардың болуы сауда-саттық көлемін және бағалы қағаздар айналымдылығын, қор нарығының өтімділігін және капиталдануын ұлғайтуға жағдай жасайды.

– Қор нарығын дамыту үшін Ұлттық банк тағы қандай шаралар қолданып жатыр? Қандай да бір заңнамалық бастамалар жоспарланып жатыр ма?

– Ұлттық банк қор нарығын одан әрі дамыту жөніндегі іс-шараларды белсенді жалғастыруда. Бұл жұмыс мынадай бірнеше бағыт бойынша жүргізіліп жатыр: кәсіби қатысушылардың қызметін одан әрі ырықтандыру; инвесторлардың және эмитенттердің нарыққа кіруін жеңілдету; бағалы қағаздарды шығаруға және орналастыруға байланысты қағазбастылықты қысқарту; бағалы қағаздарды тір­кеуге жұмсалатын шығыстарды азайту; инвестициялық пай және акционерлік қорлар сияқты ұжым­дық инвестициялар нысандарын одан әрі дамыту.

Бұл ұсыныстарды Ұлттық банк әзірлеген және Парламентте жатқан заң жобаларының бірінің шеңберінде қарастырылатын болады. Сонымен бірге 2017 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ұлттық қор нарығын дамыту жөніндегі 2018-2021 жыл­дарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарының қабылдануы маңызды болып табылады. Бұл жоспар қор нарығының жұмысындағы заңнамалық база мен тәсілдерді өзгерту, мемлекеттің экономикаға қатысуын азайту, қор нарығындағы реттеу тәсілдерін ырықтандыру, экономикада нарықтық бәсекелес баға белгілеуді қалыптастыру және зейнетақы активтерін басқа­рушылар институтын құру бө­лігіндегі іс-шараларды көздейді. Болашақта Ұлттық банктің қор нарығын дамыту жөніндегі жос­парлары осы жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

– Ұлттық компаниялардың акцияларын бастапқы жария орналастыру қайта қалпына келгеннен кейін Ұлттық банк қор нарығының жандануын күте ме?

– Айтылған жағдайды айқындау тұрғысында, эконо­миканың басым секторларын қаржыландыру және халық үшін инвестициялау объектілерін құру мақсатында «Халықтық ІРО» бағдарламасын қайта қалпына келтіру жағдай­ларын қарастыру аса маңызды. «ҚазТрансОйл» АҚ және «KEGOC» АҚ акцияларын орналас­тыру қорытындысы «Халықтық ІРО» бағдарламасының, оның ішінде халық арасында да айтарлықтай сәтті болғанын көрсетіп отыр, бұл халықтың қаржылық сауатты­лығын арттыру тұрғысынан да, ішкі қор нарығының өтімділігін қамтамасыз ету тұрғысынан да жағымды тәжірибе болып табыла­ды. Мәселен, осы ІРО-ларды өткізу нәтижесінде жеке инвес­торлар саны он есе – 10 000-нан 110 000-ға дейін өсті. Тиісін­ше, жекешелендіруді қор биржа­сын­дағы квазимемлекеттік компа­ниялардың акцияларын жария орналастыру арқылы жүргізу қор нарығын дамытуға мықты қарқын беріп, нарыққа шетелдік инвес­торларды тарту үшін катализатор болады.

Капиталдың озық әлемдік нарықтары корпоративтік бағалы қағаздарға инвесторлар тарапынан болатын сұранысқа қолдау көрсететін ірі квазимемлекеттік компанияларды жария орналас­тыру есебінен табысқа жеткенін тәжірибе көрсетіп отыр.

– Демек, сіз инвесторлар базасы өсу әлеуеті халықтың есе­бінен болады деп ойлап, аза­мат­тарды нарықтағы инвес­торлардың маңызды класы деп қарастырасыз ғой?

– Халықтың қор нарығындағы әлеуетті инвесторлар ретінде қарастырылатыны сөзсіз. Бүгінгі күні қор нарығына жеке инвес­торлар кіре алады және олардың осы бағытта өсу әлеуеті зор, мұны Қазақстан қор биржасында өткен квазимемлекеттік сектор компаниялары IPO-сының нәтижесі көрсетіп отыр.

Қазақстан қор биржасы әлеует­ті инвесторларды нарықта жұмыс істеу қағидаларымен таныстыру жөніндегі кең ауқымды жұмыс жүргізуде, «Биржа симуляторы» сияқты арнайы оқыту жобалары ұйымдастырылды. Бұл жобалар арқылы жаңадан бастаған инвесторлар қор нарығында сауда жүргізудің негізгі қағидаттарын зерделеп, инвестициялардың бұл түрінің оларға қаншалықты сәйкес келетінін шеше алады.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Ақтаудағы орталық даңғылға Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілді

21.03.2019

ШҚО: Жарма ауданында 400 оқушы «Қара жорға» биледі

21.03.2019

Владимир Путин: Нұрсұлтан Назарбаев еуразиялық интеграцияға сүбелі үлес қосты

21.03.2019

Қостанайдың басты көшесі Назарбаев есімімен аталатын болды

21.03.2019

ШҚО: Алтай ауданында көпбалалы отбасылардың балаларына дастархан жайылды

21.03.2019

Бұл жолы да биіктен көрінді

21.03.2019

Тарихты да жазды, өзі де тарих жасады

21.03.2019

Еуроодақ Нұрсұлтан Назарбаевтың шешіміне пікір білдірді

21.03.2019

Түркі әлемі айрықша құрметпен қарайды

21.03.2019

Қостанай облысында көпбалалы отбасыларға баспана берілді

21.03.2019

Дамудың даңғыл жолына түсірді

21.03.2019

Велосипедпен бензин тасыған 60 жастағы қазақстандық ұсталды

21.03.2019

Шекарашылар 51 жастағы қырғыз азаматын ұстады

21.03.2019

Мәңгілік елді сақтау үшін аянбаймыз

21.03.2019

Бірлік бар жерде – ынтымақ бар

21.03.2019

Болашаққа үлгі болғай

21.03.2019

Ел мұратын арқалаған Елбасы

21.03.2019

Жеке тұлғаға міндетті зейнетақы жарнасы бойынша шот ашу үшін қорға жүгінудің қажеті жоқ

21.03.2019

Азаматтық ерік-жігердің күші

21.03.2019

Мир көшесіне Елбасының есімі беріледі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу