Ұрпақ мәселесі ұрымтал

Ұлт ұлысы Мұхтар Әуезов: «Ұл тәрбие­лей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» десе, азат елдің туын ұстаған Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаев өзінің рухани жаңғыру жөніндегі айтулы мақаласында: «Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады» деп жас­тар санасында елдік патриотизмді қалып­тастыруды, олардың бойына туған жердің рухын сіңіруді баса айтып, міндет етіп жүк­теген еді.

Егемен Қазақстан
03.05.2018 846
2

Отанымызда жастарға жасалып жатқан жақсылық, көрсетіліп отырған қамқорлық бар­шылық. Кейде соны тиісті мекемелер мен жауапты адамдар дұрыс пайдаланбай ма, әлде ата-аналардың жұмысбастылығы, болмаса ұрпағына жете мән бермеуден бе, ер­кін заманды еркелік деп ұққандықтан ба, өс­кен орта, кей тұста әлеуметтік жағдайдың кесір-кесапатынан ба жастар арасында әт­тегенайлар аз болмай жатады. Әсіресе бала құқығын таптау жайы жиі кездесетін болып барады. Бұл кімді де болса ойландыруы тиіс. Тіпті мұндай ағаттық тәрбиенің кемістігінен де болып отырған жоқ па екен? Біз көбіне білім беру мәселесіне көңіл бөле­міз де, тәр­биені соның қалқасында қалдыра беретін секіл­діміз. Тәрбиесіз берген білімнің құмға құйған судай болатынын әл-Фараби бабамыз айтты дейміз де, ескеруге келгенде оны естен шығарып алып жатамыз.

Елімізде 17 жасқа дейінгі ұрпақ халықтың 30,4 пайызын құрайды екен. Бұл бес жарым миллионнан артық ұрпақтың өсіп келе жат­қанын көрсетеді. Барлай қарасақ, аз күш емес. Сол ұрпақтың құқығы қазір көп әң­гі­меге арқау болып жүр. Небір бассыз­дық­­тар көрініс беруде. Арақтың құлына айналған пенделердің сойқан істері жан түршіктіреді. Педофил дегендер де шектен шығып бара жатқандай. Адамдықтан аттағандардың әрекеті төбе шашыңды тік тұрғызуы былай тұрсын, кейде ұл-қызыңның, немере-шөбереңнің ертеңін болжай алмай, пұшайман күйге түсесің. Кейбір деректерге ден қойсақ, екі мыңға таяу балаға қатысты қылмыстық іс қозғалған екен. 248 бала зорлық-зомбылыққа ұшырапты. 200 бала үйі­нен, не тәрбие мекемелерінен қашып кеткен. Мәжіліс депутаты, Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл З.Балиеваның Үкіметке жолдаған сауалында жеті мың баланы мемлекет қамқорлығына алғанын, өт­кен жылы үш мыңға жуық баладан ата-ана­сы бас тартқанын, 817 баланы ата-анасы тастап кеткенін көрсетіпті. Ата-ананың ба­ла­сынан бас тартуы дегеннен шығады, жақында «Қазақстан» телеарнасындағы «Қарекет» бағдарламасында бес баласынан бас тартқан әйел туралы айтылды. Ері балаларым десе, жары олардан қол үзем депті. Ондай анадан не қайыр?! Керісінше кейбір ер-азаматтар отбасының ойранын шығарып, ұл-қызы мен сүйіктісін сүйкімсіз деп, тіпті заң талабына сай балаларына алимент төлеуге келгенде ат-тонын ала қашып, қашқынның күйін кешетінін қайтерсің. Ондайлар өздерін өмірге әкелген ата-анасының алдындағы қарызы мен парызын қазір естен шығарып, сайран салып жүргенімен, ертең қолы қал­тырап, тізесі бүгілген тұстағы жәудір сә­тін ескермеуі естілікке жата қоймас. Мұн­­дай кердеңнің кесірі көп жағдайда бей­күнә балаларды әуре-сарсаңға салып, тағ­дыр-тамырына балта шауып, сұрқия сұм­дықтарға әкеліп жатқаны анық. Иә, әлеуметтік жағдайдың да әсері болатынын жоққа шығаруға болмас. Дегенмен іштен шыққан «шұбар жыланға» жаны ашымау  адам атына жараспаса керек. Ең қасіреттісі, халқымыздың салт-санасында анасына қарсы сөз айтып көрмеген ұлттың қадірін кетіріп, анасына тіл тигізу, қол жұмсау, тіпті мерт қылу – бетке шіркеудей қонып тұр. Ондай оқиғаның Талдықорғанда болғаны бел­гілі. Алдын алмаса «Көрген көргенін, көсеу түрткенін» деп, ондайдың алда қай­таланбасына кім кепілдік бере алады?

Жері кең, халқы шағын, ертеңіне зор үміт­пен қадам басып бара жатқан жұрт үшін қандай да бір оқиғаны елеусіз қалдырмай, оған бітіспес күрес ашу керек-ақ. Себебін зерделеп, салдарын болдырмауға бекем бел байламасақ, айналып соқпай қоймайтын сұмдықтар жиілеп барады. «Халықтың түзелуінің үміті – жастарда» демеп пе еді Ахмет Байтұрсынұлы.

Ұрпақ денсаулығы да ұйқыңды шайдай ашады. Түрлі сырқаттардың шеті шы­ғып жатыр. Соның бірі аутизм кеселі дер едік. Бұрын өзге елдерде етек алған бұл ауру қазір біздің ұл-қыздың арасында да жиі кездесетін болыпты. Ондай сырқатқа шал­дық­қандардың ұзын саны осы күні үш жүз мыңдай екен. Сырқатты тізімге алу 2010 жылдан басталыпты. 2013 жылы жүз мың тұрғынға шаққанда 116 болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 216-ға жетіпті. Сол секілді елімізде церебральды сал сырқатына шалдыққандар 2013 жылы 10 мың бала десек, 2017 жылы 19 мыңға жуықтапты. Бұлардың бәрі де 15 жасқа дейінгілер екен.

Осындай кеселдердің алдын алу бо­йынша қыруар жұмыс атқарылуда. Жалпы, ұлттың ер­теңі саналатын ұрпақтың тағдыры қай-қайсымызды да бейжай қалдырмауы керек. Әсіресе сол ұл-қызды өмірге әкелген ата-ана жауапкершілігі бәрінен биік тұруы тиіс. Ауруға амал жоқ екені рас. Ал дені сау баланың адасуы, теріс басуы, жат қылыққа баруы үлкендердің еренсіздігінен екені айдай ақиқат. Қазақтың ақыны Қадыр Мырза Әлінің: «Барыңды күзет, арыңды күзет, өзіңді күзет» дегені бар еді. Барыңды күзету, арыңды күзету, ұрпағыңды күзету осы күні бәрімізге сын болып тұрғаны шындық. Шындықтың шырайы жауапкершілікті сезінгенде ғана кіреді.

Сүлеймен МӘМЕТ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Қ.Тоқаев Мюнхен конференциясына қатысты

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу