Қаржы • 04 Мамыр, 2018

АХҚО Fintechstars алғашқы Халықаралық стартап-акселерациялық бағдарламасын іске қосты

307 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Астана» халықаралық қаржы орталығы швейцарлық Seedstars компаниялар тобы мен қазақстандық MOST бизнес-инкубаторымен бірлесе отырып Fintechstars алғашқы стартап-акселерациялық бағдарламасын іске қосты.

АХҚО Fintechstars алғашқы Халықаралық стартап-акселерациялық бағдарламасын іске қосты

Бағдарламаның мақсаты Қазақстандағы қаржы технологиялар саласындағы стартаптарды дамытуға арналған платформаларды құру және осы саланың әлемдік көшбасшыларымен өзара іс-қимыл жасауды жолға қою.​​​​​​

«АХҚО әкімшілігі» АҚ цифрлық технологиялар жөніндегі директоры Әсел Жанасованың Fintechstars қаржы технологиялар саласындағы кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге көмектесетінін атап өтті. 

«Бағдарлама стартаптарға қаржыландыруға ие болу, сондай-ақ осы саланың ең үздік халықаралық мамандарымен бірлесе отырып өз жобаларын пысықтаудың бірегей мүмкіндігін береді. Қазақстанда стартап-жобалармен жұмыс істеуде үлкен тәжірибесі бар Seedstars-пен бірлесе отырып акселлерациялық бағдарламаның іске қосылуы қаржы технологиялардың экожүйесін дамытуға бағытталған мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі», – деді Ә. Жанасова. 

«Стартаптарды бағалау кезінде мынадай өлшемшарттар: команданың құзыреттілігі, компанияның өсу динамикасы мен олардың Бағдарлама барысында ала алатын қосымша құндылығы ескерілді. Командалар барынша жетілген, олардың кейбіреулері ісін жаңадан бастаған стартаптарға менторлар ретінде көмек көрсетуде. Біздің оларға беретін басты құндылығымыз – Seedstars байланыстар желісіне қолжетімділік», – деді Seedstars өңірлік өкілі Игорь Овчаренко.  

Бағдарламаға қатысуға 33 мемлекеттен 146 өтінім келіп түсті. Іріктеу нәтижесінде Қазақстаннан, Ресейден, Украинадан, Грузия және Нигериядан 10 команда іріктелді. Fintechstars аясында үш айлық оқу, халықаралық және отандық менторлардың тәлімгерлігі және 20 мың АҚШ доллары көлеміндегі алдын ала инвестиция көзделген. 

Fintechstars қорытындысы бойынша ең үздік стартаптар 350 мың АҚШ доллары сомасына дейінгі инвестицияға және халықаралық нарыққа шығу мүмкіндігіне ие болады.