Қазақстан • 05 Мамыр, 2018

Көктемгі әскерге шақыру немесе Отанды кім қорғайды?

1743 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Қазіргі буын үшін көмескіленген болуы мүмкін, бір жылдары теледидардан жиі көрсетілетін «Көктемгі әскерге шақыру» атты ескі кино бар еді. Фильм желісін еске түсіру артық шығар, тек сол шығарманың атауының өзі мұрты тебіндеген бозбаланың бәрін елең еткізуі тиіс сияқты...  

Көктемгі әскерге шақыру немесе Отанды кім қорғайды?

Бүгінде еліміз бойынша көк­темгі әскерге шақыру науқа­ны қызу қарқынмен жүріп жатыр. 10 наурызда басталған Отан қор­ғаушыларды есепке алу жұ­­мыстары 30 маусымда аяқ­тала­ды. Осы аралықта толық­тай тек­­серуден өтіп, сол­дат қыз­меті­не жарамды жас­тар әскери боры­шын өтеуге алына­ды. Биыл әскер­ге шақы­рыл­ған­дар­дың қатарын 1991– 2000 жыл­дары туған бозбалалар құрап отыр. 

Жалпы, ер-азаматтың Отан алдындағы борышын өтеуі абыройлы іс. «Армия – өмір мектебі» деген қағида қай кезеңде де күшін жоймайтыны анық. Бірақ жастар арасында өз қалауы­мен әскерге сұранып барушылар қата­ры соңғы жылдары сиреп кет­­кен екен. Әсіресе бұл жағдай жоға­ры және арнаулы оқу орын­дарын бітірген жастардың арасында белең алып тұрғанға ұқ­сайды. Рас, 1990 – 2000 жыл­дары да бұл үрдіс мүлдем құл­ды­­­рап, ел ішінде лажы болса әс­кер­ге бармай қалудың амалын ізде­­гендер көп болған. Кейін жағ­дай түзеліп, әскери борышын өтеу­ге қызығушылар саны күрт өсті. Бұл еліміздің қадамы ныға­йып, әлем алдындағы абыройы арта бас­таған кез еді. Әскери әлеуе­ті­міздің артуы мен аза­мат­тық өмір­дегі әскери боры­шын өте­ген­дерге деген сұраныс­тың туын­дауы әркімге Отан алдындағы қыз­метін қалтқысыз орындауға жол ашты. Қазір де бұл дәстүр жалғасын тауып отырғаны сөзсіз. Бірақ біздің әскери борышын өтеу­ге ынталы жастардың қатары азай­ды деген сөзіміздің де себебі бар. Осы мақаланы жазу үстінде біз әлеуметтік желі арқылы 19 бен 22 жас аралығындағы жас жігіт­­терге сауал қойып, аз-кем тәжі­­рибе жасауды ұйғарғанбыз. Біз хабарласқан жиырмаға жуық студент жастың пікірі кере­ғар үш бағытта өрбіді. Негізінен жастардың әскери өмір туралы ақпараты мен түсінігі жет­кі­лікті болғанымен, бес минут­сыз маман атанғалы отыр­ған түлек­тердің үштен екісі Отан ал­дын­дағы борышын өтеуге асы­ғар емес. Яғни әскер жа­сын­дағы жігіттердің бір бөлігі бұл мін­детті атқаруды маңызды деп сана­майды. Олардың па­йым­дауын­ша, адам Отан алдын­дағы боры­шын басқа салаларда да еңбек етіп жүріп атқаруы тиіс екен. Ал екінші топ әскер қыз­метін­де өткізуге тиісті уақыт­ты, ол тіп­ті 1 жыл мерзім болғаны­на қа­ра­мастан, «бекерге өтетін уақыт» деп санайды-мыс. Біздің сауа­­лы­мызға жауап беруге ке­ліс­кен үшін­ші топ мүшелері бол­са, қазір­гідей дамыған тех­но­ло­гия ғасы­рын­да әскери бо­ры­шын өтеуге қатар­дағы жауын­гер­лер емес, арнайы әске­ри білімі бар жас­тар ғана шақы­рылуы керек деп ойлайды екен және осы бағыт­та қосымша даяр­­лық­­т­ан өту мүмкіндігі қарас­­ты­­ры­л­са, әскерге баруға да­йын екен­­дік­­терін аңғартады. Әр­ине осы бір буындағы ұр­пақ­тың өкіл­дері білдірген үш түр­лі пікір­ді са­ра­лай келгенде, «Жастар әскер­ге баруға құлықты емес» деген кесімді пікір тумауы керек. Мін­дет пен жауапкершілік жүгі және отансүйгіштік сезімі қыс­қа сауалға қызбалықпен жауап беруден де жоғары екендігі сөз­сіз. Сондай-ақ әскери боры­шын өтеуге өз еркімен ынта біл­діру­ші жастар арасында негізі­нен ауылдық өңірлерде туған боз­ба­лал­ардың қатары көп екені де бізді қуантады. Яғни түрлі себеп­термен жоғары білім алу­ға қо­лы жетпеген жас жігіт әскер қата­рына баруға алдымен сұра­на­ды екен. Демек «Армия – өмір мектебі» деген ұстаным білім қу­ған бозбаладан бұрын, ауыр ең­бек­тің дәмін бұғанасы қатпай жа­тып татқан ұлдарға жақындау болып тұр...

Біз осы «Оқыған жастар әс­кери борышын өтеуге неге асық­пайды?» деген сауалды психо­лог-маманға да қойғанбыз. «Я» пси­хологиялық орталығының директоры Маржан Еліқұл­дың ойынша, бұл қалыпты жағдай болып саналатын көрінеді. Өйт­кені қаланың думанды өмірі мен алған білімнің нәтижесі кез келген жасты одан әрі талап­тану­ға, жетілуге және дипломының жемі­сін жеуге алдымен ынталан­дырады. «Сол себептен де жастар алғашқы кезде әскерге баруға құлық танытпауы мүмкін, бірақ әскери міндетті өтеу туралы талап жастардың ойын өзгертері анық. Әрине бұл жағдайда әс­кер­дегі өмір туралы түрлі ақпа­рат­тардың да әсері болады. Мысалға, жағымсыз деректер. Әскердегі әлімжеттік, соққыға жығу, суицид пен кездейсоқ өлім сияқты факторларды жоққа шы­ғаруға болмайды. Оның үстіне қазіргі ақпараттық қолжетімді­лік пен сенсация қуу онсыз да үркек көңілді жастың үрейін ұшы­руы мүмкін. Жалпы, сіздер, жур­­на­­лис­­тер ақпарат бергенде оның кері әсері туралы да ой­лану­ларыңыз керек...» дейді психолог.

Рас, әскердегі әлімжеттік ту­ра­лы ақпараттың жиі жария­лана­тынын жоққа шығаруға бол­майды. Бірақ бұл еліміздің қор­ғаныс саласында орын алып оты­рған кемшіліктердің алдын алу мен салдарын жоюға деген ниет­тен туған жариялылық талабы ре­тінде қарастырылуы керек сияқ­ты. Өйткені қазақ әскеріне қатысты айтылған сын негізсіз емес. Бір-екі мысал кел­тірейік: жа­қын­да Қапшағай қала­сын­дағы әс­­кери бөлімдердің бірін­де оқыс оқиға орын алып, мін­детін өтеу­ге шақырылған бозбала ауру­­­ха­наға түсті. Авто­мат­тан атыл­­­ған 3 бірдей оқ жауын­ге­р­­ді ауыр жаралап, науқас қазір өмір үшін күресіп жатыр. Сол сияқ­ты Талдықорған қала­сын­дағы Қор­­ғаныс істері депар­та­менті­­нің бастығы мен орынбасары ара­­­сын­дағы кикілжіңнен кейін мыл­­тық атылып, департамент бас­ты­ғы, полковник оққа ұшқан болатын.

Алайда ұқсас оқиғалардың себептері жария болған жайлар қазақ әскерінің ел алдындағы беделіне нұқсан келтірмесі анық. Демек жастардың әскери боры­шын өтеуге деген ынтасы мен сеніміне селкеу түсіре­тін­дей көлденең себеп жоқ. Есе­сіне, Отан алдындағы азамат­­тық парызды өтеуге деген құл­шыныс бозбаланың бойындағы намыс­ты оятуы тиіс. Оның үс­тіне әскери борышын өтеу біз­дің елімізде арнайы заңмен реттеледі.

– Республика бойынша көк­темгі әскер қатарына шақыру жұмыстары қызу жүргізілуде. Алматы облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті де бұл науқанмен белсене айналысуда. Есеп бойынша бұл өңірден 1991–2000 жылы туған 1800-ден астам азамат әскер қатарына алынады. Бүгінге дейін үш жүзге жуық жас Шекара қызметінің әс­кери бөлімдеріне жіберілді. Жер­гілікті әскери басқару орган­дарының, денсаулық сақтау және құрылымдық күштердің өкілдерінен құралған шақыру және медициналық комиссиясы әскерге қабылданушыларды түбе­гейлі тексеруден өткізу­де. Комиссия мүшелері әр үміт­кер­дің алған білімін, маман­дығын, отбасы жағдайын, қызы­ғу­шы­лықтарын, спорттағы жетіс­тік­терін назарға ала отырып, ден­сау­лық жағдайына қарай мерзімді әскер қатарына қабылдау туралы шешім шығарады, – деді бізге аймақтағы көктемгі әскерге шақырудың жайы туралы айтып берген облыстық Қорғаныс іс­тері жөніндегі департаменттің бас­п­а­сөз хатшысы Жанар Ержанқызы.

Жалпы, шекарасы шеген­делген, әскери қуаты еселен­ген елде «Отанды кім қорғай­ды?» деген сұрақ тумауы тиіс. Біздің жағдайымызда Тәуел­сіз Қазақстанның тыныш­ты­ғын қазақ әскері қас қақпай қор­ғай­тыны аян. Тіпті әйгілі қолбасшы Наполеон айтты дейтін «Өз әс­ке­ріне жағдай жасамаған ел, өзгенің әскерін асырайды» деген сөздің өзі қазіргі заман келбетіне келіңкіремейтін сияқ­ты. Бүгінгі жаңғырған әлем­­де мемлекеттердің егемендігіне әскери қауіптен гөрі эко­номи­калық бәсекеге төтеп беру жайы басты орынға шыққаны анық. Ал Қазақстанның дамушы ел ретіндегі әскери әлеуеті ауыз тол­тырып айтарлық. Дүниежүзі бойынша мемлекеттердің әскер қуатын салмақтайтын Global Firepower атты ұйымның осыдан сәл арыдағы деректері бойынша, Қазақстан рейтингке кіретін 133 елдің арасында 55-орыннан көрінген болатын. 

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы