Күрес • 07 Мамыр, 2018

«Қостанай қыраны» атанған полиция аға лейтенанты «Қазақстан барысына» қатысады

691 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайлық полиция аға лейтенанты Темірлан Сапаров енді облыс намысын қорғау үшін Президент Н.Назарбаев жүлдесі үшін өтетін республикалық «Қазақстан барысы – 2018» турниріне қатысатын болды. Ол облыстық «Қостанай қыраны – 2018» турнирінде екінші орынды алды.

«Қостанай қыраны» атанған полиция аға лейтенанты «Қазақстан барысына» қатысады

Жыл сайын қанатын кеңге жайып бара жатқан «Қазақстан барысы» турнирін Темірлан бала кезінде әкесімен бірге отырып, теледидардан көрген екен.  Бала ертеңіне жаттықтырушы Мұрат Ерменбаевқа барып, самбо секциясына жазылады. Ол алғашқы жасөспірімдер жарыстарында  жақсы нәтижелер көрсетті. Содан кейін-ақ оны жаттықтырушылар көзден таса еткен жоқ. Ол көптеген жарыстарда жеңімпаз атанып жүр. Сәуір айында Жезқазғанда өткен әскери самбодан республика чемпионатында өз салмақ катергориясында үшінші орынға қол жеткізді.  

«Мен іріктеу турнирінен өткеніме қуаныштымын.  Жарысты 2011 жылдан қадағалап көріп келемін. «Қазақстан барысы» ең мықты балуандардың басын қосады. «Қазақстан барысы» кілемінде күресу  әр балуан үшін  арман ғой.  Мен осыған жету үшін ауылдағы, аудандағы , одан облыстағы көптеген жарыстарда өзімді көрсете білдім», деді Темірлан.

Ол «Қостанай қыраны – 2018» турнирінде «түйе балуан» Рамиль Шарыгинмен күресті.  Екеуі де «Қазақстан барысы – 2018» турниріне жолдама алды.

Нәзира Жәрімбет

«Егемен Қазақстан»

Қостанай