Қазақстан • 10 Мамыр, 2018

Ауылды дамытпасақ, артта қаламыз

543 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасын халық жақсы қабылдап, өздері­нің көптен бергі зар мәселесін шешуге бағыт­талғандықтан оларды құп алып жатыр. Бас­пана алу, қосымша білім беру гранттарына ие болу, осы заманғы инфрақұрылымдарға қол жет­кізу, жеке кәсіптерді ашуды қолдау сияқты әлеуметтік әділеттікке бағытталғандықтан олар халықтың жүрегінен жол табуда.

Ауылды дамытпасақ, артта қаламыз

Сонымен қатар көптеген алаңдардағы талқылауларға қарағанда, қазір қазақстан­дық­тардың 43 пайызы тұратын ауыл тұрғын­дарының көптеген мәселесі де ескеруді қажет ет­етіні көрініп қалды. Мәселен, ипотекалық не­сиелендіру бағдарламасы ірі қалада тұ­ратын тұрғындарға ғана бағытталған. Бұл тұр­ғындар басқа да бағдарламалармен тұр­ғын үй алуға қол жеткізіп келген. Енді инфра­құ­рылымдарының даму ыңғайына қарай ауыл тұр­ғындарының да тұрғын үй алу мәселесін қарастырып, қаражат бөлу керектігі білінді. Бұл барлық азаматтардың да өмір сүру шартын теңгеретін әлеуметтік мемлекеттің барлық маңызды қырларының бірі. Сонымен қатар ол жастардың ауылды жерлерде тұрақтауына ықпал етер еді.

Статистикалық ресми мәліметтерге қа­раған­да, бүгінгі таңда ауыл тұрғындарының эко­но­микалық шарттары қала тұрғындарымен қа­быспайды. Күнкөріс минимумынан тө­мен табыс табатындардың үлесі ауыл тұрғ­ын­да­ры­н­ың арасында қалалықтармен салыс­тыр­­ғанда төрт есе көп. Ал орташа табыс ауыл тұр­ғындарында орташа республикалық ең­бек­ақы­дан 1,7 есе төмен. Барлық өзін өзі қам­тит­ын­дардың 42 пайызы ауыл шаруа­шы­лығы саласының үлесінде.

Жағдай осындай болғандықтан тым болмаса ауыл мен қала тұрғындарының әлеуметтік және инфрақұрылымдық мүмкіншіліктерін жақындату мәселесін қарастырған жөн. Әрине жұмсаудың сапалы тетігін анықтамай жатып қаражат бөлудің тиімділігі шамалы болатынын біз түсінеміз. Мұны ауыз сумен толық қамтамасыз етуді мақсат еткен «Ақ бұлақ» бағдарламасына бөлінген миллиардтардың тиімсіз жұмсалғанынан-ақ көруге болады. Сондықтан ауылдық аумақтарды дамытудың кешенді бағдарламасы жасалуы керек, ал ол бүгін, өкінішке қарай аймақтарды дамыту бағдарламасының көлеңкесінде қалып қойды. Сонымен бірге осы ауыл мен ауылдық аймақтарды қолдау бағытындағы мемлекеттік сая­саттың іске асырылуына толық жауап беретін, барлық функцияларды ұжым­дас­ты­ратын бір орган анықталуы керек. Ол ауыл тұр­ғындарымен, жергілікті өзін өзі басқару органдарымен бірлесіп жұмыс істесе, сонда ғана оң нәтижеге қол жет­кізуге болады. Егер бүгінгі таңда қала мен ауыл­дық аумақтардың арасындағы жағдайдың ал­шақ­тығын жоймасақ, ауылдағы деградация әлеуметтік шиеленіске соқтыруы мүмкін еке­ніне біз сенімдіміз. Нақ осы мәселе бойын­ша елі­міз Экономикалық ынтымақтастық және да­му ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінен артта қалып отыр.

Біз осы мәселенің бәрін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевқа депутаттық сауалмен жолдап Қазақстанның Халықтық Коммунистік пар­тиясы Президенттің әлеуметтік мемле­кет орнату бағдарын іске асыру үшін ауыл мен ауылдық аумақтарды дамытудың кешенді саясатын әзірлеу қажет деп санайтынын және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасының стандарттарын белгілеуді қалайтынын жеткіздік.

Айқын ҚОҢЫРОВ,

Мәжіліс депутаты