Парламент • 14 Мамыр, 2018

Мәжіліс депутаттары чехиялық әріптестерімен кездесті

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаров бастаған депутаттар тобы Чехия Республикасы Парламенті Депутаттар палатасы төрағасының орынбасары Войтех Филип бастаған ауылшаруашылық комитеті мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі. 

Мәжіліс депутаттары чехиялық әріптестерімен кездесті

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласын заңнамалық қамтамасыз ету бойынша әріптестікті нығайту жайы талқыланды.

Осы ретте агроөнеркәсіп кешені, жайылымдар, субсидиялар, банктер, сақтандыру компаниялары, жер қорын қорғау, су тасқындарына қарсы гидротехникалық құрылыстар мен басқа да ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін заңнамалық реттеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту мен тәжірибе алмасу қажеттілігі де айтылды.

Сондай-ақ, өз кезегінде қонақтар Қазақстанның даму қарқынына тоқталып, біздің елмен ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылық білдірді.