Қазақстан • 15 Мамыр, 2018

Қаржы және бюджет комитеті Алматы облысында көшпелі отырыс өткізді

242 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитеті салық және кеден саясаты мен әкімшілендіру, инвестициялық ахуал және «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметі мәселелері бойынша Алматы облысында көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.  

Қаржы және бюджет комитеті Алматы облысында көшпелі отырыс өткізді

Мемлекеттік органдар бас­шылары және бизнес-қауымдас­тық өкілдері қатысқан кездесу барысында қосымша құн салығы, кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.

Сенат депутаты, Парламент Се­наты Қаржы және бюджет коми­тетінің төрағасы Ольга Перепечина шараны аша келіп, бизнес, экономика салаларын дамы­тудың келешегі мен жаңа салық және кеден кодекстерінің кәсіп­керлік қызметке әсері жөнін­дегі өзекті мәселелерді талқы­лау мақсатында палата комите­тінің мүшелері салық және кеден саясаты мен әкімшілендіру, сон­дай-ақ инвестициялық ахуал мәсе­лелері бойынша жергілікті жерде мемлекеттік органдар басшы­ларымен және бизнес-қауымдас­тық өкілдерімен кездесіп отыр­ғанын атап өтті.

О. Перепечина сенаторлардың «Қор­ғас» шекара маңы ынтымақ­тастығы халықаралық орталығы қызметінің қазіргі жай-күйі мен өзекті мәселелерін зерделеу ниеті туралы айтты. Депутаттар шара ба­рысында «Қорғас-Шығыс арнайы экономикалық аймақ» құр­ғақ порты мен көлік-логистика орта­лығының жұмысымен таныс­ты, ондағы жұмыстардың барысы, кеден бақылауы мен әртүрлі жобалардың іске асуы туралы пайдалы ақпараттарға қол жеткізді.

Мәселелерді жан-жақты тал­қылау үшін Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы минис­трлігінің өкілдері кездесуге шақырылды. Олар жаңа салық және кеден кодекстерінің жобасын әзірлеуге қатысқан болатын.

Шараға қатысушылар алдында Ұлттық экономика ми­нистрлігі салық және кеден сая­саты департаментінің директоры Азамат Әмрин, Қаржы минис­трлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынба­сары Ғұсман Әмірин, Инвести­циялар және даму министрлігі ар­найы экономикалық және индус­триялық аумақтар басқармасының жетекшісі Арсен Меңдіғазиев, Алматы облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов сөз сөйледі.

Отырыс барысында шараға қатысушылар инвестициялық компанияларға қосымша құн са­лығын қайтаруға, импортталатын тауарларды қосымша құн салығынан босатуға қатыс­ты, сондай-ақ бизнес-ахуалды жақсарту, кәсіпкерлік саласын­дағы өзекті мәселелер және оларды шешудің жолдары жөніндегі маңызды мәселелерді талқылады.

Көшпелі отырысты Ольга Перепечина қорытындылады. Оның айтуынша, комитет отырысында айтылған ұсыныстар мен ескертпелер салық және кеден саясаты мен әкімшілендіру, инвестициялық ахуал мәселелерін реттеуге арналған заң жобаларын қарау барысында пайдаланылатын болады.

Парламент депутаттары соңында «Қалжат» кеден-ло­гистика орталығына және аймақтағы басқа да нысандарға барды.

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51