Білім • 18 Мамыр, 2018

Елімізде жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті

877 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақында республика бо­йынша бар­лық мектептерде жалпыұлт­тық ата-аналар жиналысы өтті. Әр ата-ананы бала тәрбиесіне белсене араластыру мақсатында ұйым­дастырылған іс-шара 15 мамыр халықаралық отбасы күні­не тура келді. Жина­лыс тура­лы Білім және ғылым ми­нистрі Ерлан Сағадиев 25 сәуір­де Астана қаласында өткен халық алдында есеп беру кез­десуінің қорытындысы бойынша Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәсли­хатында хабарлаған болатын.

Елімізде жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті

Министр ата-аналар жиналыстарына адамдардың қатысу деңгейі өте төмендеп кеткендігін айтқан. «Адамдардың тек 10 пайызы ғана қатысады» деген ведомство басшысы мамырдың 15-сі күні барлық мемлекеттік органдар мен мекеме басшыларына ата-ана­ларды жиналысқа уақытында жіберуге Үкімет тарапынан тапсырма беруді сұрады.

Сондай жиналыстардың бірі Астана қаласындағы Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектепте өтті. «Білімді ұлт – оқу сапасы  және отбасылық құнды­лық­тар» атты тақырыпта бас қос­қан жиынға ата-аналар мен ұстаз­дар қатысты. Жоғарыда ай­тып кеткендей, басқосудың негіз­гі мақсаты ата-аналарды мем­ле­кет­­тік білім саясатының ба­ғыт­тары­мен таныстыру, орта білім беру жүйесінің жетістіктері және мектепті басқарудағы педагог­тар мен ата-аналардың күшін бірік­тіру туралы хабарлау болатын.

Ата-аналар жиналысын мектеп директоры Балжан Айтмұ­хаметова ашып берді. Өз баян­дамасында мектеп басшысы Қазақ­стандағы жаңа білім стандарттары туралы айтты. Жиынға қатысқан ата-аналардың көбі математика, орыс тілі, қазақ тілі пәндеріне қатысты жаңартылған білім мазмұны жайлы сұрақтар қойды. Сондай-ақ ата-ана Инара Турбасова критерийлі бағалауға байланысты сауал жолдады.

Оған мектеп директоры «Кри­терийлі бағалау білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, айқын анықталған, ұжыммен шы­ғарылған, білім процесінің белгілі критерийлері оқу­шы­лардың оқу жетістіктерін салыс­тыруға негізделген процесс», деп жауап берді.

Басқосуда аталған мектептің болашақ жоспарлары туралы да сөз болды. Қойылған сұрақ­тардың ішінде мектептің күрделі жөндеуіне қатысты, жан басына шаққандағы  қаржыландыруға ауыстыру, ақылы білім қызметін көрсету үшін  қазынашылықта шот ашу туралы мәселелер көтерілді.

Лариса Капченко есімді ата-ана ұзартылған топтағы сабақ­тар­дың бағасы туралы сұрақ қой­ды. Сауалға мекеме басшысы «Астана қаласы білім бас­қар­ма­сы­­ның 2017 жылғы 14 желтоқ­сан­дағы №771 бұйрығына сәйкес мем­ле­кет­тік жалпыға міндетті білім стан­дарт­тарының талап­тары­нан тыс Астана қаласы­ның мем­ле­кеттік қазыналық  білім мекеме­лері іске асыратын ақылы білім қыз­мет­терін беру құны сағатына 450 тең­гені құрайды», деп жауап берді.

Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»

АСТАНА