Қостанайлықтар актер Әнуар Боранбаевты еске алды

Қостанай қаласындағы  Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап кітапханада жерлестері Қазақстанның халық әртісі Әнуар Боранбаевты еске алу кешіне жиналды. Ол туып өскен Амангелді ауданының 90 жылдығына арналған аудандық кітапхананың Қостанайдағы күндеріне орай Әнуар Боранбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды. Онда актердің жеке заттары, ол туралы жазылған естелік кітаптар, спектакльдер  ойнағанда тұтынған заттары, фотосуреттері қойылған.

Егемен Қазақстан
18.05.2018 972
2

Көрмені тамашалап болғаннан кейін, көпшілік Әнуар Боранбаевты еске алу  кешіне жиналды. Оған актердің  туған-туысы, ауылдастары, жары Ақбөпе келді. Естеліктер айтылды. Олар Әнуардың талантымен қоса, қарапайымдылығын, адамгершілігін көбірек еске алды. Сыныптасы Хайролла Хасенов, туысы Тарғын Әбеновтің, інісі Қанат Боранбаевтың, жары Ақбөпе Боранбаеваның, тағы басқалардың  әсерлі естеліктерін көпшілік ынтамен тыңдады.

– Балалық шағымыз бірге өтті. Ол кезде мектепті бітіргендердің бар арманы оқуға түсу үшін Алматыға бару болатын.  Әке-шешеміз үшін оқудың ең күштісі агрономдық, экономистік, зоотехник, мал дәрігері секілді  мамандық алатын оқулар еді.  Көпшілігіміз  агроном, механик, зоотехник боламыз деп Алматыдағы институттарға түстік. Әнуар да үлкендердің қалауымен  Ауыл шаруашылығы институтының  Агрономия факультетіне түскен болатын. Бірақ оны алғашқы курстардан тастап кетті де, жүрек қалауымен өнер жолын қуды. Ол ауылда жүргенде әдебиеттен мықты болатын, – дейді сыныптасы Хайролла ағай.

– Әнуар ауылын, туған жерін өте жақсы көретін. Ауылға барып, Әнуардың ізі қалған топырақты басып келе жатырмыз. Әнуардың барлық рольдері көз алдымда. Абайды, Сырымды, тағы басқа  көптеген рольдерді қалай ойнағаны көрерменнің есінде. Кинодағы еңбектері өз алдына бір төбе. Ол тегін емес, текті адам  еді. Өмірде, үйде де  өте жақсы адам еді. Маған деген ықыласын қалай ұмытуға болады?  Әрине Әнуармен бірге өткен уақытымды нағыз бақытты кездерім деп білемін. Әнуардай жігітке жар болу бар әйелдің арманы екені рас. Әттең, қайтейін, тағдыр көп көрді, көпке ұзатпай алып кетті. Осы кешті  ұйымдастырған аудандық, облыстық кітапхана ұжымдарына, аудан басшылығына  үлкен рахметімді айтамын, – деді  Ақбөпе Боранбаева.

Кеште Әнуар Боранбаев туралы  деректі фильм көрсетілді.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.12.2018

Алтын домбыра иесі анықталды

17.12.2018

Батыс Қазақстан облысында Тәуелсіздік құрбандарына ас берілді

17.12.2018

Чемпиондар Лигасының 1/8-ші финалының жеребе тарту рәсімі өтті

17.12.2018

Жамбыл өңірінде 28 нысан ашылды

17.12.2018

Атыраулықтар «Елбасы жолы» фильмін тамашалады

17.12.2018

Тәуелсіздік күні БҚО-да 37 бала дүниеге келді

17.12.2018

Гиннестің рекордтар кітабына енген Notre Dame de Paris мюзиклі қазақ тілінде қойылады 

17.12.2018

Татарстандағы қазақ студенттері Тәуелсіздік күнін атап өтті

17.12.2018

Солтүстік Қазақстанда допты хоккейден ел кубогы біріншілігі өтуде

17.12.2018

«Ырыс» Түркістан облысында 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орнының ашылуына ықпал етті

17.12.2018

Солтүстік Қазақстанда 80-ге жуық  полицей марапатталды

17.12.2018

Арыс қаласында 16 нысан пайдалануға берілді

17.12.2018

Самал Есләмова тамылжыта ән шырқап, жерлестерін  тәнті етті

17.12.2018

Ақтөбеде дәрігерлер Тәуелсіздік күніне орай пәтерлі болды

17.12.2018

Солтүстік Қазақстанда Тәуелсіздік күні жоғары деңгейде атап өтілді

17.12.2018

Қазақстан таэквондо федерациясы биылғы маусымды қорытындылады

17.12.2018

Димаш Құдайберген «Жыл әншісі» және «Ұлы Жібек жолының мәдени елшісі» атанды

17.12.2018

Төл мерекеміз Түркияда тойланды

17.12.2018

«Желтоқсанның 16 күні» деректі фильмі көрерменге жол тартады

17.12.2018

Ақтөбеліктер Тәуелсіздік күнін атап өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу