Өнер • 25 Мамыр, 2018

Эцио Фриджерио «Достық» орденімен марапатталды

315 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Астана Опера» театрында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы халықтар арасындағы бeй­бiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ciңip­гeн ерен еңбегі үшін қазіргі таңдағы ең атақты сцено­графтардың бірі – Эцио Фриджериоға ІІ дәрежелі «Достық» ор­денін тапсырды.

Эцио Фриджерио «Достық» орденімен марапатталды

Айтулы сценографтың есі­мі барша әлемге әйгілі. Эцио Фриджерионың өнерге қосқан үлесі ұшан-теңіз. Зама­науи хореографияның дамуындағы елеулі оқиға – оның музыка­лық театр сала­сындағы жұ­мы­с­­­тары. Фрид­жерионың Джор­­­джо Стре­лермен бірге жү­зеге асыр­ған Дж.Вердидің «Си­­мон Бокканегра» (1971ж.)­ және «Фальстаф» (1980 ж.), Р.Вагнердің «Лоэнгрин» (1981ж.), В.А.Моцарттың «Фи­гаро­ның­ үйлену тойы» (1973 ж.) жә­не т.б. опера қойылымдары әлем­­дік таны­малдылыққа ие болып, ХХ ғасырдағы опера театрының классикасына айналды.

Ол «Астана Опера» театры сахнасындағы көптеген атақ­ты балет және опера спек­такльдерінің сцено­гра­фиясын жасады. Өзі­нің жұбайы – «Оскар» сый­лығының иегері, костюм­дер бойынша суретші Фран­ка Скуарчапиномен бір­ге қазақстандық музы­ка­­лық театрдың дамуы­на елеулі үлес қосты. Ел­ор­да­­лық театрдағы қо­йы­­­лымдарға жасаған бі­ре­гей жұмыстарының қа­та­рында – А.Жұбанов, Л.Ха­­ми­дидің «Абай», Дж.Пуччинидің «Мадам Баттерфляй», Ж.Бизенің «Кар­мен», С.Про­кофьевтің «Ромео мен Джу­льетта», П.Чайковскийдің «Ұй­қы­дағы ару», «Аққу көлі», Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұр­қағы», М.Петипаның «Бая­дерка», Л.Минкустың «Дон Кихот» туындылары бар.

– Сіздің «Астана Опе­ра»­ театрына арнап жаса­ған спектакльдеріңіз – қазақ­стандық өнеріміздің маңдайалды туындылары. Олар опера және балет жауһарларының әлем­­дік қазынасына енері сөз­сіз. Одан әрі жемісті серік­тестікке сенім білдіре оты­­рып, сізге ұзақ өмір, зор ден­саулық тілейміз, – деді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Өз кезегінде, Эцио Фрид­жерио еліміз­дің басшылығына, Мә­де­­­ниет және спорт ми­нистрі Арыстанбек Мұха­меди­ұлына, «Астана Опера» театры­ның дирекциясына осынау жо­ғары марапат үшін алғысын біл­діріп, «Достық» орде­ні­мен марапатталған тұң­ғыш италиялық атануы ол үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті. Сценограф Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қа­зақ­стандағы мәдениетті қол­даудағы маңызын ерекше баса айтты. Қоюшы сценографтың сөзінше, соң­ғы жылдары Қа­зақстан мен Италия арасын­дағы мә­дени көпір нығайып, одан сайын берік бола түскен.