Медицина • 01 Маусым, 2018

Баланың туу туралы куәлігін SMS арқылы 65 мыңнан астам ана алды

792 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

65 мыңнан астам қазақстандық әйел SMS-хабарлама  арқылы баланың тууын тіркеу куәлігін алды, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.

Баланың туу туралы куәлігін SMS арқылы 65 мыңнан астам ана алды

«Жарты жыл бұрын елімізде «Баланың тууы» қызметінің белсенді форматта іске қосылғанының арқасында баланың тууын тіркеу, ЖСН мен куәлігін алу, айыппұлды рәсімдеу және балабақша кезегіне қою перзентханада жатқан нәрестенің анасына телефоннан SMS-хабарламаны жіберу арқылы қолжетімді болды. Осы қызметтің іске қосылғанынан кейін, онымен ХҚКО-на бармай немесе eGov.kz порталына кірмей барлық Қазақстан бойынша 65 374 ана пайдаланды,- делінген хабарламада.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамымен өткізілген ақпараттық жүйелерді итеграциялау арқасында балалардың тууын тіркеу жөніндегі өтініштер автоматты түрде қабылданады. Бүгін белсенді қызметті алу үшін eGov.kz порталындағы Жеке кабинетке өз мобильдік телефон нөміріңізді ЖСН-ге бекіту жеткілікті, қалған әрекеттерді жүйенің өзі жүзеге асырады. Осы қызметтің іске қосылғанынан кейін, онымен 121 230 ана бала тууы жөнінде құттықтау SMS-хабарламасын қабылдады. SMS арқылы жеке деректерді жібергеннен кейін ХҚКО-дан дайын куәлікті алуға немесе оны үйге жіберуге тапсырыс беруге болады», - деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Нәресте туылған сәттен кейін перзентханада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің электрондық базасына туу туралы факт енгізіледі. Бұдан кейін, eGov.kz Жеке кабинетінде мобильдік телефон нөмірі ЖСН-не бекітілген ата-анаға автоматты түрде құттықтау SMS-хабарламасы жіберіледі және баланың туылуын тіркеу жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу ұсынылады.

Ата-ана SMS-хабарламасына жауап ретінде баланың толық аты-жөнін жібереді және дайын туу туралы куәілікті қай жерден ала алатыны туралы мекенжай көрсетілген хабарлама алады. Сондай-ақ, SMS арқылы шот нөмірін сұрайды және бір уақытта жәрдемақы тағайындау үшін өтініш автоматты түрде рәсімделеді. Соңында, SMS-жауаптар жіберу кезінде баланы балабақша кезегіне рәсімделу болып табылады. 2017 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2018 жылғы 31 мамыр аралығында белсенді тәсілімен баланың туылуын тіркеуге 36 826 өтініш, жәрдемақы тағайындауға 8 208 өтінім, баланы балабақша кезегіне қоюға 11 809 өтінім жіберілген.  

Соңғы жаңалықтар