Ұлттық спорт • 05 Маусым, 2018

«Қазанат» атшабарында тоғыз мемлекеттің спортшылары бақ сынады

470 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана қаласындағы «Қазанат» атшабарында қазақтың ұлттық спорты теңге ілуден екінші, аударыспақтан үшінші Азия чемпионаты аяқталды. Мәртебелі жарыста тоғыз мемлекеттің спортшылары бақ сынады. 

«Қазанат» атшабарында тоғыз мемлекеттің спортшылары бақ сынады

Суретте: Аударыспақ сайысының жеңімпаздары

Алғашқы күні ұйым­дас­тырылған теңге ілу сайы­сының шарты – 150 метр қашықтықты 20 секунд ішінде шауып өтіп, жол ортаға тігілген 5 теңгені іліп алу. Ілінген тең­ге саны бір­дей болған жағ­дайда, шауып өткен жыл­дам­дығы ескерілді, дейді жарысты ұйым­дас­ты­рушылар.

Сонымен теңге ілудің алтын ме­да­лін 1 500 000 теңге жүлдесімен қоса оң­түс­тік өкілі Мағжан Сапарбеков жеңіп ал­са, күміс жүлде де жеңімпаздың ауыл­­­дасы Ғалымжан Изжановқа бұ-
й­ыр­­ды. Қола медаль қыр­ғыз­стандық Аман­тур Минуур­ұлына бұйырды.

Келесі күні бес салмақ бойынша аударыспақтан өткен сайыстың бар­лық жеңімпаздары қазақ­стан­дық спортшылар, яғни жер­лестеріміз болды. Атап айтқанда, 60 келі сал­мақ дәрежесі бойынша: 1-ші орын – Серғазин Азамат (Қазақстан); 2-ші орын – Матей Базарбай (Моң­ғолия); 3-ші орын – Са­ғанбеков Акыл (Қыр­ғыз­стан).

70 келі салмақ дәре­же­сі бойынша: 1-ші орын – Ержанов Шыңғыс (Қазақстан); 2-ші орын – Мо­хаммед Исхад (Ауғанстан); 3-ші орын – Бакболат уулы Азирет (Қырғызстан).

80 келі салмақ дәрежесі бойынша: 1-ші орын – Рах­мәтіллә Есімхан (Қазақ­стан); 2-ші орын – Ми­нурұлы Амантур (Қыр­ғыз­стан); 3-ші орын – Серік Жеңісбек (Моңғолия).

90 келі салмақ дәреже­сі бойынша: 1-ші орын – Ізбасаров Сырым (Қазақ­стан); 2-ші орын – Холов Фархот (Тәжікстан); 3-ші орын – Байысғалан Досжан (Моңғолия).

+ 90 келі салмақ дәре­же­сі бойынша: 1-ші орын – Қосалиев Бір­жан (Қазақстан); 2-ші орын – Талипов Ихтияр (Өз­бекстан); 3-ші орын – Жұ­ма­бек Думан (ҚХР).

Бұлардың сыртында аударыспақтан жарыстың «түйе балуаны» анықталды. Яғни абсолютті салмақ бойынша 10 аз­амат сайысқа түсіп, чемпиондық бел­дік пен 2 миллион теңге жүлде қо­ры ақтөбелік Арман Сағынбаевтың қан­жығасына байланды.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар