Парламент • 12 Маусым, 2018

Сенат комитеті Қазақстан мен Қытай арасындағы келісімді қарады

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қорғас өзенінде «Шүкірбұлақ (Алмалы)» бірлескен сел ұстайтын бөгетін салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Сенат комитеті Қазақстан мен Қытай арасындағы келісімді қарады

Келісімге 2017 жылғы 8 маусымда қол қойылды және Қорғас өзенінде бірлескен сел ұстайтын бөгет құрылысын салуды көздейді.

Сел ұстайтын бөгет келісімге қатысушы мемлекеттердің ортақ меншігі болып табылады. Тараптар құрылысты жобаның ортақ құнының 50 пайызы бойынша ынтымақты түрде қаржыландыратын болады. Бұл келісімді:

Қазақстан жағынан – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті;

Қытай жағынан –  Қытай Халық Республикасы Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусы іске асыру жөніндегі уәкілетті органдар болып табылады.

Сел ұстайтын бөгет құрылысындағы жұмыстарды үйлестіру мақсатында Сел ұстайтын бөгет құрылысы жөніндегі Қазақстан-Қытай комитеті құрылатын болады, оған әрқайсысынан уәкілетті органдар мен мүдделі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ екі мемлекет ұйымдарынан өкілдер енетін болады.

Тараптардың құзыретті органдары сел ұстайтын бөгет құрылысының белгіленген ауданында құрылысқа қажетті жеке адамдарды, көлік құралдарын, жабдықтар мен шикізаттар және материалдарды Мемлекеттік шекарадан оңайлатылған түрде өткізуі үшін қолайлы жағдай туындатады.

Құжат Қорғас өзенінің төменгі ағысындағы екі ел халқының өмірі мен мүлкінің қауіпсіз болуы үшін оң ықпал етеді.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.