Кино • 17 Маусым, 2018

Астанада «SAMGAU» VI халықаралық театр фестивалі аяқталды

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Театр және кино режиссері, қазылар алқасының мүшесі Талғат Теменовтің айтуынша, «SAMGAU» VI фестиваліне қатысуға 53 ұжым өтінім берген, оның ішінен тек 12-сі ғана таңдап алынған.

Астанада «SAMGAU» VI халықаралық театр фестивалі аяқталды

Оның алтауы ел өңірлерінен, қалғаны алыс-жақын шет елдерден келген. Астананың 20 жылдығына арналған фестивальде әр шығармашылық ұжым үздік қойылымдарын ұсынды.

Оның ішінен Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры ұжымының бағы жанып, бас жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ Қазақстанның халық әртісі Гүлжан Әспетова әйел бейнесін биік деңгейде сомдағаны үшін үздік деп танылды. Ал «Жастар» театрының әртісі Дәурен Серғазин «Үздік ер адам бейнесі» жүлдесімен марапатталды.

Айта кетейік, бас жүлдеге 2 млн теңге қаржылай сыйлық берілді.