Аймақтар • 21 Маусым, 2018

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында оқушылар көрмесі өтті

1431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы мен қала­дағы №1 балалар көркемөнер мектебінің арасында біраз жылдан бері «Түлек» деп аталатын жоба бойынша шығармашылық әріптестік орнаған. Таяуда өнер мектебінің түлектері аталған мұражай төріне өз туындыларын қойып, курстастары мен ата-аналар алдында шығармашылық сынақтан өтті.

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында оқушылар көрмесі өтті

Биылғы жылдың түлек­тері көрермен назарына «Ком­позиция» және «Мүсін» пәндері бойынша қорытынды жұмыстарын ұсынды. Болашақ суретшілер мен мүсіншілердің туындылары бірін-бірі қайта­ла­майды, түрлі теxника мен мәнер­де орындалған.

– Біздің мұражайда көркем­өнер мектебінің түлектері шы­ғармашылық жобаларын қорғады. Біріншіден, мұндай пішім мектепте алған білімнің қорытынды кезеңіне ерекше маңыз береді. Ал екіншіден, ол өнермен тікелей байланыс ор­натуға мүмкіндік береді, – дейді облыстық бейнелеу өне­рі мұражайының ғылыми қыз­меткері Назерке Жартын.

Түлектердің көрмедегі жұ­мыстары көбіне туған өлке тақы­ры­бын қамтыған. Мұның өзі өнерлі жастардың елге, туған жерге деген шынайы сүйіс­пен­шілігі мен құрметінен хабар берсе керек. Бұл игі істен ұстаздар қа­уы­мы да тыс қалмаған. «Әр туындыда ұстаздардың кәсіби қолдауы мен ықыласпен жетекшілік еткені байқалады», – дейді Назерке Жартын.

Көрме аяқталғаннан кейін түлектерге көркемөнер мектебін бітіргені туралы куәліктер салтанатты түрде табыс етілді.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ