Қаржы • 26 Маусым, 2018

«Астана» ХҚО салтанатты шараға сақадай сай

262 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Астананың 20 жылдық мерейтойы аясында өтетін «Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми ашылуына байланысты салтанатты шараға дайындық барысы туралы баспасөз конференциясы өтті. 

«Астана» ХҚО салтанатты шараға сақадай сай

«Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми түр­де ашылуына санаулы күн­дер қалды. Осыған байланысты қазіргі таңда жергілікті бир­жаның қазақ­стан­дық және ха­лықаралық брокерлік компа­ниялармен сауда опе­рацияла­рын жүргізуге дайындығы пысықталуда. Сонымен қатар «АйОсКо» құнды қағаздар жөнін­дегі халықаралық комис­сия, «БиСиБиЭс» банктік қа­дағалау жөніндегі Базель ко­митеті және «АйЭфЭсБи» Ислам қаржылық қызмет көр­се­ту кеңесі сынды та­нымал ұйым­дармен ортақ стан­дарт­тар бекітіліп, жалпыға бірдей қағи­даттар басшылыққа алын­бақ. Осы ережелер капитал нары­ғы­ның тиімділігі мен таза­лы­ғын қамтамасыз етіп қана қой­­май, жүйелі түрде жұмыс істеу­ге мүм­кіндік береді.


«Астана» халықаралық қар­жы орталығының бас­­­қарушысы Қайрат Келімбетов: 

− Мемлекет басшы­сы­ның бес инсти­туттық рефор­масын жү­зеге асыруға ба­ғытталған «100 нақты қа­­дам» ұлт жос­пары стра­те­гиялық жос­па­ры бой­­ын­ша АХҚО-ның жұ­­мысын жан­­­дандыруда аса ма­­ңызды 3 ре­фор­маны, яғни мем­лекеттік қызметтердің сапасын жақсарту, экономиканы әртараптандыру, оның ішінде жекешелендіруді жетілдіру, заңның үстем­ді­гін арттыру ба­­ғыттары бой­ынша жұмыс жүр­­гі­зіледі. Бұған дейін ай­тыл­­­­ған­дай, «Астана» ха­лық­­ара­­лық қаржы орталығы ағыл­­шын заңнамасы бойын­ша жұ­мыс істейді. Бү­гін­гі күні атал­ған жүйе Лондон, Нью-Йорк, Дубай, Сингапур сынды әлем­­дік қаржы орталық­тарын­да ке­ңінен қолданылды. Бұған қоса, АХҚО жанынан құрылатын тәу­елсіз сот пен тәуелсіз арбитраж орталы­ғы­ның жұмысы шет­­елдік инвесторлардың се­німін арт­тыруға мүмкіндік береді, −  деді. 

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында бе­кі­тіл­ген тапсырмасына сәй­кес, елімізде же­кешелендіру ша­­­­ра­ларын жү­зеге асыру бой­ын­­ша АХҚО же­кеге өте­тін бір­қатар нысандарды анық­та­­ған. Қ.Келімбетов атап өт­кен­дей, 2018-2020 жылдары «ЭйрАстана», «Қазақтелеком», «Қаз­ато­м-
өнеркәсіп» компа­ния­­­лары жекешелендіруге беріл­­се, 2019-2020 жылдары «ҚазМұнайГаз» бен «ҚТЖ»-ны же­кеге өткізу жоспарланып отыр. Жоғарыда аталған компаниялар ел экономикасындағы ІЖӨ-нің 40 пайызын құрайды. Бұған дейін қазақстандық компаниялар Лондон, Гонконг сынды алпауыт сауда нарықтарына бет бұрғаны белгілі, өз кезе­гін­де АХҚО еліміз­дегі компания­ларды тарту үшін барлық мүм­кіндіктерге жол ашады.

Жекешелендірудің де атал­ған орталық аясында өткі­зі­луі аса маңызды қадам бол­мақ. 

− Біз осы мақсатта әлем­дегі ең ірі биржалармен байланыс ортнатқан халық­аралық Астана бир­жасын құрдық. Бұл ретте актив­­термен жұмыс жүргізу ісі де негізгі бағыттардың бірі. «Астана» халықаралық қаржы орта­­лығы алдағы 20 жыл ішінде әлем­дегі озық санаттағы 20 орта­­лықтың қатарына енуді көз­­дейді.Оған бар­лық жағдай жасалып отыр», − деді АХҚО-ның басқарушысы.

Еліміздің бас қаласы – Астананың 20 жылдық мерей­тойымен тұспа-тұс келген АХҚО-ның ашылуы ел эко­но­­микасының алдағы уақытта жа­ңа бағытта тың серпінмен дами түсуіне негіз болары сөзсіз.  

Еркежан АЙТҚАЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар