Қазақстан • 27 Маусым, 2018

Атырауда «Ақ жол саған, жас маман» облыстық V форумы өтті

619 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда «Ақ жол саған, жас маман»  облыстық V форумы өтті, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Атырауда «Ақ жол саған, жас маман»  облыстық V форумы өтті

Жиынға техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының үздік түлектері, облыстық білім беру басқармасы ұжымы, ардагер ұстаздар мен ата-аналар қатысты. Жиында дипломдарды табыстаған облыстық білім беру басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиев жас мамандарға сәттілік тіледі.

-2017 жылдан бастап республика бойынша тегін кәсіптік техникалық білім жүйесі енгізілді. Соған байланысты республика бойынша 2600-ге жуық жас тегін кәсіптік оқыту бойынша оқып жатыр. Біздің өңірімізде де маман даярлау бағытында облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, мамандар білім алуда. Елбасымыздың биылғы 5 әлеуметтік бастамасы бойынша студент жастарды жатақханамен қамтамасыз ету жұмыстары да жүргізіліп келеді. Қабілетті маман дайындау жолында жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады, - дейді басқарма басшысы.

Шараның басты мақсаты – дарынды жастарды қолдау, үздік диплом иегерлерінің жаңа қадамдарына ақ жол тілеп, мамандықтарының білгірі болуына сеп болу.  

Биылғы жылы Атыраудағы 25  техникалық және кәсіптік колледж бітірушілерінің саны – 5115, оның 388-і үздік диплом иегерлері.

-Бүгін мен үшін ерекше күн. Бізге білім берген ұстаздарымызға, ауқымды шара ұйымдастырған облыс әкімдігіне алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта осы меңгерген ұстаздық мамандығымды жалғастырып, беделді, білікті мұғалім болам деген сенімдемін,- дейді Қатира Дүтбаева Атырау гуманитарлық колледжінің студенті Алтынай Ақылбек.