Естеріңізге сала кетейік, құжат Қазақстан өңірлерінің оқушылары мен студенттері үшін халықаралық мамандандырылған көрме мұрасы нысандарына мәдени-білім беру турларын ұйымдастыруды қамтиды. Осылайша, жыл басынан бері «Нұр Әлем» сферасын 32 мыңнан астам оқушы мен шамамен 6 мың студент келіп көрген.
Бастапқыда жоба физика, биология және басқа да көптеген пәндер бойынша елордалық гимназияларға ашық сабақ өткізуді көздеген болатын. Алғашқы сабақтан бастап-ақ балалардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығы арта түсті. Өйткені теорияны қарапайым баяндағаннан гөрі, материалды интерактивті түрде жеткізген баланың есінде тез сақталып, тез бекітіледі. Енді «Нұр Әлем» сферасында ашық сабақтарды Астана қаласы ғана емес, сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және басқа да облыс мектептері өткізе алады.
Жақында жасалған меморандум аясында «Болашақ энергиясы» мұражайын Жамбыл облысының оқушылары тамашалады. Ұлттық компания және мұғалімдермен «Халқымның ұлттық дәстүрлері» тақырыбында және әр қабатта өткізілген шағын экскурсия түрінде ағылшын тілінен ашық сабақтар ұйымдастырылды.
– Жоба аясында Отанымыздың салт-дәстүрлеріне арналған инс-
талляциялары бар зал үлкен әсер қалдырды. Оқушыларды қызықтырғаны интерактивті ашық сабақ болды. Балалар алған әсерлерін түрлі түсті қарындаш пен фломастерлердің көмегімен қағаз бетіне түсірді, – деп атап өтті Жамбыл облыстық мектеп олимпиадалары мен мектептен тыс іс-шараларды өткізу орталығының әлеуметтік-мәдени бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Ольга Сагандыкова.
Жас суретшілер сфераның әр қабатында суреттеме орындап, соңында бірінші қабатта тосыннан ұйымдастырылған көрмеде балалардың қылқаламынан шыққан шығармаларымен барлық келушілер таныса алды.
«Нұр Әлем» сферасы 8 қабаттан тұрады. Әр деңгейінде энергия түрлерінің жарқын элементтері мен экспозициялары ұсынылған. Мысалы, екінші қабатта балалар су энергиясын өндіру тәсілдерімен, ал жетінші қабатында ғарыш энергиясымен таныса алады. Бірінші қабатта ұлттық павильон орналасқан, онда әртүрлі ландшафттар, Қазақстанның мәдениеті мен тарихы ұсынылған.