Жеңіл атлетика • 05 Шілде, 2018

Ольга Рыпакова үздік сегіздік қатарынан көрінді

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция астанасы Париж қаласында жеңіл атлетикадан «Гауһар лига» жарысының жетінші кезеңі аяқталды. Еліміздің атынан қатысқан Ольга Рыпакова 14.25 метрге секіріп, сегізінші орын иеленді.

Ольга Рыпакова үздік сегіздік қатарынан көрінді

Рыпакова мұның алдында Ослодағы ең үздік көрсеткіші 14.06 метр болған. Бұл кезеңде 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, колумбиялық Катрин Ибаргуэн өзінің нағыз бабында екенін тағы да байқатты. Ол 14.83 метр секіріп, чемпион атанды. Екінші орын ямайкалық Кимберли Уильямске бұйырды (14.56). Үштікте биылғы маусымның жаңалығы болған АҚШ спортшысы Тори Франклин бар (14.49).

Айта кетейік, Рыпакова француз қызы Жанин Ассани-Юсуф (14.16), Израильден келген Анна Князева-Миненко (14.04) және 2017 жылғы Пан-Америка ойындарының чемпионы бразилиялық Нубие Соарестен (13.94) озды.

 

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»