Видео • 07 Шілде, 2018

Иван Дычко жетінші рет жеңіске жетті (ВИДЕО)

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аса ауыр салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко (6-0, 6 КО) жетінші рет жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Иван Дычко жетінші рет жеңіске жетті (ВИДЕО)

Кезекті кездесуін Голливудта (АҚШ, Флорида штаты)  өткізген Иван Дычко 42 жастағы америкалық ардагер Морис Харриспен (26-21-3, 11 КО) жұдырықтасты. Сегіз кезеңге жоспарланған жекпе-жекті қазақстандық боксшы бірінші раундта-ақ нокаутпен аяқтады. Сөйтіп ол өзінің кәсіби рингтегі жетінші жеңісіне қол жеткізді. 

Дычконың осыған дейінгі айқасы Сент-Питерсбергте (Флорида штаты, АҚШ) тәжірибелі америкалық боксшы Майкл Морронемен өткен болатын. Онда да отандасымыз алғашқы раундта-ақ қарсыласын жеңген еді.