Қазақстан • 08 Шілде, 2018

Бүгін елімізде үш қаланың ауа сапасы нашарлайды

583 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін еліміз қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

Бүгін елімізде үш қаланың ауа сапасы нашарлайды

Атмосфералық ауаның ластануы тек Қарағанды, Шымкент және Талдықорған қалаларында болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.